Жаңбыр, бұршақ, желдің күшеюі – 28 тамызда күн райы қалай болады

– Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 28 тамызда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар