Марат Қарабаев жаңадан құрылған Көлік министрлігін басқарады

– Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жаса.

Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2008 жылы «Ташкент автомобиль-жол институтын» – «Ғимараттар мен құрылыстар салу» мамандығын бітірген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығын тәмамдаған.

2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы.

2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы.

2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін – ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

2023 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар