Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм саласындағы оң бастама - АРҚА АЖАРЫ

Туризм саласындағы оң бастама

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде «Туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Байтақ жер» жобасы» атты баспасөз конференциясы өтті. Оны Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Андрей Подгурский өз сөзімен ашып, «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ директоры Ринат Темірбеков, «Байтақ жер» жобасының менеджері Әлия Еспаева осы сала бойынша баяндама жасап, жұмыстарымен таныстырды.      

Аталмыш жоба «Орталық  Азияның  Еуразия  Қоры» КҚ-ның және «Шеврон» компаниясының қолдауымен 2022 жылы іске қосылған. Оны іске асыру экологиялық және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауылдағы халықтың экономикалық мәселелерін азайтуға септігін тигізген. Жобаның басты бағыттары – туристерді тарту үшін жергілікті жас кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру, рекреациялық жүктемені азайту үшін жаңа туристік бағыттарды құру, жастарды қоғам мәселелерін шешуге тартуға жәрдемдесу. Жобаның алғашқы орны ретінде Ақмола облысы таңдалған. Соның ішінде туристік орындары көп Зеренді, Сандықтау және Қорғалжын аудандарына назар аударылған. Туристік қордың арқасында облысымыздың 40 кәсіпкерлік субъектісі эко және этнотуризм саласында бизнес негіздеріне оқытылып, 20 кәсіпкер инкубациялық бағдарламаға қатысып, бизнесті бастауға үйретілген. Туризм саласындағы қаржылық және жобалық жоспарлау бойынша 9 қатысушы қолдауға ие болып, бизнесті одан әрі дамытуға  пайызсыз несие алуға қол жеткізген.

Ақмола облысы – еліміздің туристік әлеуетін көтерудегі басты аймақтардың бірі. Саланың негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, тұрақты оң серпін байқалады. Облыс экономикасының туристік қызмет көрсетудегі үлес салмағы 10 пайызды құрайды. Курорттық аймақтарымыздағы туристік ағын ағымдағы жылдың маусым айында 500 мың адамға жеткен. Облысымызда туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 600-ден астам туристік кәсіпорын, соның ішінде 354 орналастыру орны, 16 санаторлық-курорттық мекеме, 204 жол бойындағы қызмет көрсету субъектісі, 57 туристік фирма жұмыс істейді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның табиғи мұралар тізіміне енгізілген «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» ұлттық саябақтары және бірегей мемлекеттік Қорғалжын орнитологиялық қорығы да бар. Ақмола облысы бүгінгі күннің өзінде көптеген туристерді жазда, қыста да, яғни, жылдың қай мезгілінде болсын, демалыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жоғары санатты қызметтерді көрсете алатын барлық мүмкіндіктерге ие. Ол үшін тау-шаңғы базалары мен туристік маршруттар жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру, мәдени-ағартушылық, экологиялық, бұқаралық спортқа және этнотуризм мен агротуризмге де үлкен мән берілген. Іс-шара соңында жобаға қатысып жатқан Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау аудандарының кәсіпкерлері өз жұмыстарының барысымен таныстырды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар