Бизнес субъектісіне жүргізілген тексеріс заңсыз деп танылды

Целиноград ауданының прокуратурасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасын тексеру барысында жеке кәсіпкердің қызметіне заңсыз тексеру жүргізу фактісін анықтады.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 «Қазақстан Республикасында бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығының және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес тексерулер тек жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде, дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.

Бұл ретте, тексеру барысында жеке кәсіпкердің қызметіне «Н» атты жеке тұлғаның өтінішін тіркеу рәсімі бастапқыда бұзылғаны, сондай-ақ, өтініште дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер көрсетілмегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жоспардан тыс тексеру заңсыз және оның барлық нәтижелері жарамсыз деп танылып, кінәлі адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар