Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында киіктерден 76,9 мың гектар егістікке зиян келген - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында киіктерден 76,9 мың гектар егістікке зиян келген

– Ақмола облысының диқандары ақбөкеннің көптігінен қыруар шығынға ұшыраған. Ең көп Егіндікөл, Атбасар, Жарқайың, Қорғалжын және Жақсы аудандарындағы шаруалар зардап шегіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атбасар ауданындағы «Агромар Трейд» Магомед Дзейтовтың айтуынша, биыл ақбөкен былтырғыдан да көп. Шаруашылықтың 7 мыңға жуық гектар егістік алқабын таптап, әдеуір шығын келтірген.

«Ақбекендер бұрыннан біздің ауданымызда болды. Алайда, биыл жылдағыдан көп. Адамнан, техникадан қорықпайды. Егістік қорғау үшін күзетші де қойдық, бірақ нәтиже жоқ. Биыл көктем, жаз айларында құрғашылық болды, егіннің шығымы нашар. Ол аздай ақбөкендер таптауда. Қазір жабайы жануардан келтірілген шығын көлемін есептеп жатырмыз. Жалпы, шамамен 6-7 мың гектарда егістік алқапқа зиян келтірілді», — деп түсіндірді Магомед Дзейтов.

Ал, Жарқайың ауданында ақбөкендерден 17 шаруашылық зардап шеккен. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің агрономы Мұрат Берлібековтің мәліметінше, жазда ауданда ақбөкендердің саны 120 мыңға жеткен.

«Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жануарларды аудан шекарасынан тыс жерге шығару жұмыстарын жүргізді. Алайда, олардан дақылдарды қорғау мүмкін болмады.

«Бүгінгі таңда ауданда ақбөкендер 17 шаруашылық, барлығы 10 мың гектар егістігін таптады», — деді Мұрат Берлібеков.

Осылайша, көктемгі егістік жұмыстарына миллиондаған инвестиция салған шаруалар үлкен шығынға ұшырап отыр.

«Біздің шаруашылық күзде мол егін жинау үшін барлық агротехникалық шараларды, озық технологияларды қолданды. Тек, осы ақбөкендермен күресуде қауқарсыз болдық. Мамыр айынан бастап жануарлар келе бастады, бұл үрдісті бақылау мүмкін емес. Тәулік бойын кезекшілік еттік, бәрі бір қуып үлгермедік. Салдарынан 5 мың гектар егініміз бүлінді. Біз үшін бұл орасан зор шығын, – деп бөлісті Жарқайың ауданындағы «Ростов Агро» ЖШС-нің агрономы Оксана Истомина.

Жалпы, аймақ әкімдігінің мәліметінше, биыл Ақмола облысында ақбөкендерден 76,9 мың гектар егістікке зиян келген. Ең үлкен шығын көлемі шамамен Егіндікөл ауданында 40 мың гектардан асса, Атбасар ауданында 17,4 мың гектар, Жарқайың ауданында 9,5 мың гектар, Қорғалжын ауданында 5,7 мың гектар және Жақсы ауданында 3,7 мың гектарды құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар