2023 жылғы 3 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Атбасар ауданының №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолданғаны туралы бейнероликтер жарияланды.
Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы Қылмыстық Кодекстің 146-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша (қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен азаптаулар)сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сол күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру мақсатымен аталған мекемеге барды.Сөйтіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы.