Қосшы емханасы науқастарды қобыз үнімен емдей бастады

Музыка терапиясы медитацияны алмастырады. Ақмола облысының ақхалаттылары психологтың қабылдауында қобыз үнін қолдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық аспаппен ойнаған әуендер жанға жайлылық сыйлап, күйзелістен шығуға көмектеседі дейді мамандар.

Байырғы заманнан қасиетті деп саналған қобыздың үні бүгінде медициналық мақсатта қолданыла бастады.

Қосшы қалалық емханасының мамандары психологиялық көмек аясында «Қобыз терапиясын» іске қосты.

– Қобыз терапиясының пайдалы тұсы – 18 жастан асқан ересектерге ғана қолданылады. Яғни психикалық жүйке жүйесі ауыр науқастарға қолдануға болмайды. Бірінші эндокриндік ауруларға, гинекологиялық ауруларға, инфаркт ауруларына және созылмалы ауруларға қолдануға болады, – дейді №1 Қосшы қалалық емханасының психологы Балжан Қанапияева.

Медициналық мекемеде 10 адам қобыз терапиясынан өткен. Ем алғандардың қазіргі жағдайы жақсы дейді мамандар.

Психологтың айтуынша, қобыздың қоңыр үні күйзелісте жүрген талай жанға шипа болған.

– «Қобыз терапиясы» – музыкалық терапияның бір бөлігі. Біз мұнда қазақ халқынық ұлттық колоритіне сай әйуендерді пайдаланамыз. Психологиялық көмек аясында жүргізілетін бұл әдіс аутагендік жаттығуларға жатады. Бізде «Қобыз терапиясы» биыл сәуір айынан бастап жекелеген жағдайларда қолданылады және нәтижесі жақсы, – деп атап өтті №1 Қосшы қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Бишораева.

Алдағы уақытта емхана мамандары 60 жастан асқандарға топтық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Күндізгі стационарда ата-әжелерге арнап тренингтер мен ойындар ұйымдастырылады. Бұл Альцгеймер ауруының алдын алу үшін керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар