Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылдамдығы жоғары интернетке қосылды - АРҚА АЖАРЫ

Жылдамдығы жоғары интернетке қосылды

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Көкшетауда 15 тұрғын үй кешенін жоғары жылдамдықты интернетке қосты. Осылайша 800-ге жуық отбасы замануи жылдам желіге қол жеткізді. Республика бойынша GPON оптикалық-талшықты магистралін белсенді дамытып жүрген компания аймақ  тұрғындарына осындай игі мүмкіндіктер туғызуда.

«Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Орталық аймағының В2С-сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірованың айтуынша, GPON технологиясының ең басты артықшылығы, мұнда 500 Мбит/с дейін қосылу жылдамдығы мен контентті бір уақытта әртүрлі құрылғыларда көру мүмкіндігі бар.

– Жаңа абоненттерді өтінім бергеннен кейін GPON қызметіне 24 сағат ішінде қосамыз. Тек пайдаланушы аймағында қосылуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана кедергілер болуы мүмкін. Дегенмен, бұл шектеулер біртіндеп жойылып келеді. Сонымен қатар, желіге қосу кезінде біз абоненттерге отбасының әрбір мүшесі үшін ең оңтайлысын таңдауға бірнеше тарифтік жоспар ұсынамыз. Себебі, GPON технологиясының артықшылықтары көп, – дейді Әлия Ескендірова.

Айта кету керек, GPON абонент пәтеріне кабель өткізу арқылы орнатылады. Яғни, бір уақытта бір сымды жүргізу арқылы бірнеше байланыс қызметіне қол жеткізуге болады.

Көкшетау қаласының құрамындағы Краснояр ауылының тұрғыны Айгүл Мұхамеджанова бұрын көршілерінің осы ұялы байланыс интернетін пайдаланғанын жеткізді. Айтуынша, қазір оны өздеріне де қосып, пайдасының зор екеніне көз жеткізген.

– Шексіз ұялы байланыс, үй телефоны және жылдам интернеті бар «Bereket» тарифіне қосылдық. Осы тариф маған бәрінен де ең тиімдісі болып көрінді. Қазақтелеком қызметін қосудың арқасында отағасы футбол көрсе, мен Астанада оқитын үлкен қызыммен бейнебайланыс арқылы сөйлесе аламын. Сонымен қатар, мектепте оқитын кіші қызыма да пакет арқылы шектеусіз пайдалана алатын ұялы байланыстың болуы өте ыңғайлы, – деген ойымен бөлісті Айгүл Мұхамеджанова.

Бүгінде «Қазақтелеком» ел аймақтарына жоғары жылдамдықты желіні орнатуды жалғастыруда. Компания Ақмола облысында 62 жаңа тұрғын үй кешенін GPON технологиясына қосу жоспарланғанын жеткізді. Демек, 100 үй, 74 жеке шаруашылық, барлығын қоса алғанда шамамен 6000-ға жуық отбасы жылдам желімен қамтамасыз етіледі. Келесі жылы өңірде GPON технологиясы бойынша жаңа магистральдық желі салынады. Осылайшатағы 2000-нан астам көкшетаулық отбасы «Қазақтелекомнан» жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізетін болады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар