Тарифті қалыптастыруда асыра сілтеген

Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері «Бурабай тазалық»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметінде тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады.

Ол – қадағалау ведомствосымен коммуналдық қызметтерге тарифті қалыптастыру кезінде негізсіз шығындарды қосу фактілері. Атап айтқанда, кәсіпорын ЖЖМ мен қосалқы бөлшектерге арналған шығындарды асыра көрсеткен.

Осыған байланысты аталған бұзушылықтар бойынша прокуратура прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Оның нәтижесінде жеке тұлғалар (халық) үшін бір текше метрге белгіленген тариф 683,87 теңгеден 643,62 теңгеге дейін, ал, заңды тұлғалар үшін 1160,50 теңгеден 1138 теңгеге дейін төмендетілді. Сөйтіп, бұл тариф тиісінше бір шаршы метрге 40 және 22 теңгеге арзандады.

Осылайша, 1340 тұтынушының, оның ішінде 44 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар