Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында модульдік гаражды жоғары бағада сатып алмақ болған - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында модульдік гаражды жоғары бағада сатып алмақ болған

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілерін көрсетті — деп хабарлады брифинг барысында Департамент басшысы Асхат Оразхан.

Мысалы, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны сомасы 169,5 млн теңгеге көлікке арналған 12 модульдік гараж сатып алуды жоспарлаған болатын, алайда мұндай гараждың орташа нарықтық құны 108 млн теңгені құрайды. Департаменттің уақтылы ұсынысының арқасында ұйым мемлекеттік сатып алудан бас тартты. Нәтижесінде бюджетті үнемдеу 9 млн теңгені құрады.

Жыл басынан бері 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

«Мемлекеттік сатып алу мониторингі — маңызды алдын алу құралдарының бірі. Мемлекеттік сатып алуларға жоғары баға белгілеу кезінде біз ұсынымдар жібереміз. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу жоспарларын қайта қарайды және түзетеді немесе оларды жояды. Біз жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне араласпай, тек мемлекеттік органдардың жоспарлы сатып алуларына ұсыныстар береміз», — деді Асхат Оразхан.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар