ЭЛЕКТРПОЙЫЗ+ЭЛЕКТРОАВТО: «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа қызметті іске қосады

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы «ЭЛЕКТРОПОЕЗД+ЭЛЕКТРОАВТО»  түйіспесі бойынша Бурабайдың көркем жерлерімен экологиялық трансфер қызметін іске қосады.

Қызметті №7507/7508 «Астана – Көкшетау» және №6830/6829 «Ерейментау – Көкшетау» электр пойыздарының жолаушылары пайдалана алады. Бурабай курорты станциясының вокзал маңындағы алаңында электр көлігі күтіп тұрады.

Электроавтобус келесі бағыт бойынша жүреді: Бурабай курорты теміржол вокзалы – Бурабай кенті – Абылай хан кешені – Щучинск кенті – Rixos Borovoe. Электр таксиі жолаушыларды өздері көрсеткен мекен-жайға дейін жеткізеді.

Қызмет құны тұрақты: электр автобусындағы орын үшін 500 теңге және электротаксидегі салон үшін 2000 теңге.

Қызметті пайдалану үшін жолаушыға электр пойызының вагондарындағы QR кодын сканерлеу, диспетчерге мекен-жайын хабарлау және қызметке ақы төлеу жеткілікті.

Қызмет интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ұсынылады.

Дереккөз: rail-news.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар