Ақмолалық студенттер театры Дельфий ойындарында үздік атанды!

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Infinity» лабораторлық театры аймақтық XIV ұлттық жастар Дельфий ойындарының іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанды. Содан кейін алғашқы рет Қазақстан Республикасының «SILK WAY CREATIVE GAMES» XIV ұлттық жастар Дельфий ойындарында да «Шабыт» өнер университетінің колледжі «Тишина закулисья», «Пилигрим» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Өркен» (Ақтөбе облысы) театрларының арасынан озып шығып (14-21 жас), «Театр өнері» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

«Лев Николаевич Толстойдың «Адамға қанша жер қажет» повесінің желісі бойынша спектаклінде әр алуан рөлдерді: қарапайым адам, азғырушы көрші, жолаушы көпес, старшинаны сомдадым. Сондай-ақ спектакльге колледждің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің 3-4 курс студенттері Бұғыбай Зарина, Шагиров Даурен, Жаңанұр Серуен, Ануаш Мөлдір қатысты» – деп атап өтті колледжің 3 курс студенті Қайырбекқызы Бибінұр.

Спектакльдің режиссері – осы оқу ордасының түлегі, қазіргі таңда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының «Драма театрының режиссурасы» мамандығының 1 курс студенті Комис Олжас.

«Спектакльде адамның өмірінде ақша қандай рөл атқаратыны көрсетіледі. Түрлі кейіпкерлерді сомдаған 4 актёр 1 сағаттық спектакль бойы бір сұрақтың жауабын іздеумен болады. Соңында барлығы бір мәмілеге келіп, адамға 3-ақ кез жер қажет екенін анықтайды» – дейді Олжас.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық Дельфий ойындары дарынды жастарды анықтауға және қолдауға, орындаушылардың кәсіби өсуіне жәрдемдесуге және Халықаралық Дельфий ойындарына қатысу үшін ұлттық құраманы қалыптастыруға ықпал етеді.

Жүлделі орын құтты болсын! Өнерпаз жастарымыз әрқашан биіктен көріне берсін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар