Полиция қызметкерлері ісінің анық-қанығы

Көкшетау қалалық соты полиция қызметкерлері А. және И.-ға қатысты үкім шығарды.

И. қылмыс жасау оқиғасының болмағандығынан ақталды. Ал, А. Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара алуға әрекет жасағаны үшін сотталып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Қылмыстық қудалау органдарымен А-ға келесі айып тағылды. Ол өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, мемлекетке 1 500 000 теңгеден астам сомаға залал келтірді. А.-ның бұйрығымен айдауыл қызметінің қызметкерлері басқа елді мекендерге іссапарға бармай, алынған ақшалай қаражатты оған өз еркіне пайдалануға жол берді. Екіншіден, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, заңсыз материалдық сыйақы алып отырған. И. тергеудің пікірінше, А.-ға лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға жәрдемдескен деп айыпталды. Сот қызметкерлердің шынымен іссапарға шықпағанын, бірақ, қаражатты олар басқа адамға бергенін, ол адам ақшаны букмекерлік ставкаларға жұмсағаны, бұны процеске қатысушылар алдын ала тергеу кезінде айтпағанын анықтады. Іссапарларға жұмсалған бюджет қаражатын жымқыру бөлігінде А.-ның кінәсі расталмады, сондықтан, ол осы бойынша ақталды.

Сондай-ақ, А. өзінің лауазымдық өкілеттіктерінің шеңберіне кіретін әрекеттерді жасағаны үшін кәсіпкерден сыйақы алуға оқталғаны анықталды. Алайда, қылмыстық қудалау органдары оның әрекетін тоқтатты.

А.-ның әрекеті Қылмыстық Кодекстің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағынан (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігіне және 366-бабының 2-бөлігіне (пара алуға әрекет жасау) өзгертілді.

Жаза тағайындау кезінде, сот А.-да жас баланың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сондай-ақ, берген антты бұзған адамның құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жайлар ретінде есепке алды. Сонымен қатар, сотқа И. материалдық сыйақы алу үшін А.-мен сөз байласқаны туралы ешқандай дәлел ұсынылмады, осыған байланысты ол ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот, облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және полиция департаментінің атына жеке қаулылар шығарып, қарамағындағыларға тиісті бақылаудың жоқтығы қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, куәгерлердің көрінеу көзге жалған айғақтар беруіне, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына әкеп соққанына назар аударды.

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар