Қарт ұстаздың қуанышы

Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова Зеренді ауданының Айдабол селосында тұратын 95 жастағы қарт ұстаз Пішенбай Мағжанұлы Мұқановқа осы ауданның Құрметті азаматы атағының куәлігі мен төсбелгісін және лентасын табыс етті.

Батыр академик Мәлік Ғабдуллиннің қолынан КазПИ-дің үздік дипломын алған Пішенбай Мұқанов бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту орта мектебінде еңбек жолын бастады. Осы мектепте жазушы Сәкен сері Жүнісовпен бірге еңбек еткенін бүгінгі күнге дейін ерекше толғаныспен айтып отырады. Кейін Еңбекшілдер ауданының Карловка сегізжылдық мектебінде, Краснофлот орта мектебінде, Уәлихановауданының Комсомол, Южный орта мектептерінде директор болып, жастарға сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие берді.

Бүгінгі күні шәкірттерінің өзі зейнеткерлік жаста. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары Айдабол селосына қоныс аударды. Осындағы мешіттің имамы болып, жергілікті тұрғындарды имандылық жолына тартты. Тағдыр қосқан зайыбы Күлзада Жанәділқызы екеуі Болат, Ғалияш, Зәмзәгүл, Айнаш, Тоқтар есімді ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, жоғары білім әперді. Қазір олардың бәрі өз отбастарын құрып, ел игілігі үшін еңбек етуде. Сөз соңында тоқсан бестің жотасына шыққан зерделі әрі қазыналы қарияны мерейтойымен және марапатымен құттықтап, зор денсаулық, отбасының амандығын тілейміз!

Рамазан ТІЛЕУОВ.

 Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар