Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрінен де жүрегіміз кірлемесін! - АРҚА АЖАРЫ

Бәрінен де жүрегіміз кірлемесін!

немесе харам дегеннің бәрі бірдей «харам» ба?..

Біз зайырлы мемлекетпіз.  Дінге де еркіндік берілген.  Бірақ, ислам діні мәжбүрлікті қаламайды. Дінге адам жүрек қалауымен келуі керек. Ал, бала әлі шешім қабылдайтын жаста еместігі анық. Бастысы, ата-баба салған сара жолдан, тамырымыздан ажырамасақ екен.

Қазіргі таңда әсіре діншілдер көп. Нақты діни сауаты болса құба-құп, әрине. Дегенмен, қазір,  арнайы діни сауаты жоқтар уағыз айтатын болып алды.  Өскелең жастар ненің ақ, ненің қара екендігін ажырата алмай қалғандай. Діни ағымдардың көптігі де өз әсерін тигізіп жатыр. Біреуі былай, біреуі былай айтады. Жасыратыны жоқ, не жесең де, не кисең де, бәрін харам деу сәнге айналып барады. Анық-танығы бір Аллаға аян.

Анау бір жылдары халал ет өндіретін кәсіпорындар көбейді. «Әп, бәрекелді!» деп, алаулаған қуанышымыз аспандап,біз де сүйіншілеп жазғанбыз. Дүкен сөрелерінен сыртқы қаптамасында арнайы эмблемасы бар халал өнім көрсек,адал ас деп, ойланбастан ала беретін болдық. Кейін белгілі болып жатыр, халал дегеннің барлығы «халал» болмай шықты. Адал ас, адал еңбек, адал неке, жалпы, адамзат баласына қажетті адами абзал қасиеттердің барлығы алдымен жүрек тазалығымен байланысы бар деп есептейміз. Ойдың да,ниеттің де тазалығы – жүректен. Олай болмаса, ешқандай сыртқы бейне де, ішер ас та адалынан бола қоймасы анық.

Осы халал дегеннен шығады, соңғы кезде буыны қатпаған бүлдіршінге, мектеп жасындағы оқушы балаларға кейбір ата-аналар хиджап кигізгісі келеді екен. Белең алып жатыр десек те артық айтпағандығымыз. Тіпті, балама хиджап кигізуге рұқсат бермесеңдер елден кетеміз дегендер табылуда. Әркімнің өмір туралы түсінігі әртүрлі. Бірақ, әр халықтың атадан-балаға мирас болған әдет-ғұрпы бар. Қазақ халқы тұрмыс құрмаған қыз баласына орамал тартқызбаған. Иә, қазақ қызын ашық-шашық киіндірмеген, бұл заманға байланысты емес, ондайға есті ешбір ата-ана жол бермейтіні анық.

Біз зайырлы мемлекетпіз.  Дінге де еркіндік берілген.  Бірақ, ислам діні мәжбүрлікті қаламайды. Дінге адам жүрек қалауымен келуі керек. Ал, бала әлі шешім қабылдайтын жаста еместігі анық. Бастысы, ата-баба салған сара жолдан, тамырымыздан ажырамасақ екен.

Байқап-ақ жүрміз, жат ағымның жетегінде кеткендер өздерінен басқасының барлығын жат санайды. Тіпті, намаз оқымайтын анасының дайындап берген тамағын да ішпейтіндер бар екен. Себебі, анасы намаз оқымайтынадам, яки асы халалемес. Міне, жаңалық! Сөзіміз дәйексіз болмасын, Рамазан айында ораза тұтып жүрген бір құрбысына екінші құрбысы «сенің оразаң қабыл болмайды,сенікі харам, себебі, сен намаз оқымайсың, хиджап кимейсің» дегенін естігенбіз. «Күнәға батпа, ораза тұтып әуре болма» деген екен. Бірақ, құрбысы мінезді болса керек, айтқанынан қайтпапты. «Бастысы ниетім таза, бәрін де Аллаға тапсырдым» деген көрінеді. Намаз оқымасаң, оразаң қабыл болмайды деген қағидат қайда жазылған? Құрбысының құлағына мұндай қағидатты кім сіңірген? Иә, рас Исламда мұсылман бауырға барлық парызды орындау міндет. Алайда, намаз оқымайтын адамдардың да ораза ұстауы өз еркінде ғой.

Ал, жуырда намазхан бір бойжеткеннің домбыра туралы айтқаны әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Айтуынша, домбыра – харам! Тіпті, беташар жасау, келіннің сәлем салуы да – харам.Өзі харам емес дүние қалды ма? Жалпы түсінуімізше шариғат тиым салмаған іс-әрекеттің барлығы Ислам дініне тән емес пе еді? Өзіміз жастайымыздан «Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дегенді естіп өскен өрендер едік.  Бұл қалай болды деп, таңданып қалдық. Ел халқы алаң көңілмен әлеуметтік желіге бірінен соң бірі жазба қалдырып, өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Осы мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасыбылайша мәлімдеме жасады.

– Ислам әлеміндегі танымал ғұламалардың бірі де бірегейі Имам әл-Ғазали мен Әбу Ханифа мәзһабының көрнекті ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулусидің көзқарасы бойынша дінді насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыру мағынасында айтылған әнге рұқсат. Ал, адамға жаман ой тастайтын, арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған, – деп жазды діни басқарма.

Осы мәселеге байланысты елімізге танымал зиялы қауым өкілдері де өз пікірлерін жариялап жатыр. Барлығы да бірауыздан домбыраны – қазақтың үні, ұлы даланың ұлылығы, аласармас рухы, мәңгілік жыры дегенді айтуда.  Ал, кез-келген ұлт тамырынан ажырамауы керегі анық.

«Мынау – харам, мынау – халал, мынау – арам, мынау – адал». Ақ-қарасын ажыратамыз деп жүргенде барымызды бағаламай, ұлттық құндылыққа селкеу түсіріп алмайықшы. Бастысы, жүрек кірлемесінші!

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар