Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді еңбек күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Бұл жай ғана мереке емес – бұл біздің еліміздің дамуына күн сайын өз үлесін қосатын барлық еңбек адамдарына құрмет көрсететін күн. Сіздерсіз кез-келген қызмет саласын: өнер кәсіптен аграрлық секторға дейін дамыту мүмкін болмаседі. Барлық үлкен жетістіктердің артында күн сайын ел игілігі үшін жұмыс істейтін адамдардың еңбегі жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай «Адал азаматқа» тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады.

Сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің арқасында өңіріміз өркендеп дамып келеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалық еңбек ардагерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздер өздеріңіздің мол кәсіби тәжірибелеріңізді жастарға жеткізуді жалғастырып, олардың еңбекке сүйіспеншіліктерін оятып, өз Отанына деген жоғары патриотизмін тәрбиелейсіз.

Сіздерге зор денсаулық отбасыларыңызға береке және бақыт тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар