Құрметті туризм саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймын!
Ақмола облысы туризмді дамыту мен ілгерілету үшін барлық қолайлы жағдайы бар әлеуетке ие. Дархан табиғатымыздың сұлу да сымбатты бейнесі, бағзы заманнан бері жалғасып келе жатқан тамаша дәстүрлері, тарихи және киелі орындары салаға серпін беруге мол мүмкіндік тудырып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында туризмді дамытуға Үкімет пен Парламенттің ерекше назарын аударды. Президент бірінші кезекте инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап көрсетті.
«Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ» деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Біздің бірлескен жұмысымыздың берекесі болатынына әрдайым сенімдімін! Бірлесіп қана бірегей өңірімізді туристік нарықтың ең жоғары заманауи талаптарына сай етіп жетілдіре аламыз!
Еліміз үшін маңызды саланы дамытуға үлес қосып келе жатқан адамдардың барлығына – туристік компаниялардың қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге, мұражай қызметкерлеріне, экскурсоводтарға, санаторийлер, қонақ үйлердің басшылары мен ұжымдарына қажырлы еңбектері үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің барлықтарыңызды облысымыздың курортты өңірлерін өркендетуге, дамытуға және танымал етуге ұмтылыс, біздің аймаққа шынайы сүйіспеншілік ерекшелендіреді.
Туризм саласының барлық мамандарына зор денсаулық, ойға алған шаруаларының оңынан оңғарылуына, кәсіби деңгейлерінің өсуіне тілектеспін. Ал, қонақтарға жаңа, қызықты туристік бағыттар мен осы жерден алатын ғажайып әсерлер тілеймін!