Ақмолалық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың көмегіменөз ісін дамытуда

«Даму»қоры филиалының қызметкерлері БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында ақмолалық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жұмыстар жөнінде айтып берді. Журналистер облыс орталығындағы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындарға барды.

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету  өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» қорының Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған баспасөз турына қатысқан БАҚ өкілдері айқын көз жеткізді. Іс-шара аясында «Ақмола облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Гүлнар Әлмұханова журналистерге қол жеткен нәтижелерді баяндады.

−Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста кәсіпкерлердің несие сомасы 272,58 миллиард теңге болатын 3809 жобасы субсидияланды. Сондай-ақ, осындай 1892 жоба «Даму» қорынан 25 миллиард теңгелік кепілдік алды.  Мұндағы жалпы несие сомасы 50 миллард теңгені құрайды.  Бұл бағыттағы жұмыс әрі жалғасуда, өңірдің әлеуметтік маңызды бизнес жобалары мен өндірістері тиімді несиелендіру түрінде одан сайын қолдау табады,−деді басшы.

Баспасөз конференциясы өткеннен кейін журналистер  баспасөз  туры бойынша мемлекеттік бағдарламалар көмегімен өз бизнесін дамытуғақолдау алған кәсіпорындарға барды. БАҚ өкілдері «Даму» қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ, Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнесті дамытуға қолдау алған Көкшетау қаласының үш ірі және танымал өндірісі баспасөз турының басты назарында болды. «Даму»қорының бағдарламаларына қатысқан алғашқы нысан «Гормолзавод» ЖШС. Ол 50 жылдан астам уақыт бойы сүт өндірумен және өңдеумен айналысатын отандық кәсіпорын. Зауыт 1965 жылдан бері жұмыс істейді. Жеңілдетілген қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларының арқасында кәсіпорын өндіріс жабдықтарын жаңғыртып, шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортиментін арттыра алды. Енді «Гормолзавод» компаниясы сатып алушыларды тек бүкіл елімізге танымал әйгілі балмұздағымен ғана емес, сонымен қатар, табиғи йогурт, сүзбе, айран, ашытылған сүт, сары май және түрлі ірімшіктерімен қуантады.Өткен жылдың күзінде «Гормолзавод» серіктестігі  айналым қаражатын жылына 19,5 пайызбен толықтыру мақсатында «Халық банкінен» қаржы алды.  «Даму» қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынды.Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпорын несиені жылына 6 пайызбен ғана төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды.

−«Даму» қорымен 2017 жылдан бастап өзара байланыстамыз, бізге ол кәсіпорынды дамыту бойынша үлкен қолдау көрсетеді. Айналым қаражатына жеңілдетілген кредиттік желіні, сондай-ақ, өндірістік бөлімді қайта құруға көмек көрсету бағдарламасын пайдаландық. Оған қазандықты жаңғырту және ғимараттың жұмыс процесін тиімдірек құруға мүмкіндік берген ағымдағы жөндеуі жатады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз зауытты барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете аламыз және еліміздің негізгі нарықтарына шыға аламыз,−деді «Гормолзавод»серіктестігінің директоры Ерсайын Жақсылықов.

Кәсіпорын тек Ақмола облысында ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерде де танымал, болашақта ірімшік ассортименті кеңейеді деп күтілуде, балқытылған сыр және сулугуни өндіріледі. Сонымен қатар, балмұздақ ассортименті кеңейеді, «Гормолзавод» әртүрлі дәмдер мен композициялардан тұратын қоспаны шығаруды да жоспарлап отыр.

Журналистердің  баспасөз туры аясында келесі барған нысаны Көкшетау қаласында  танымал болып келе жатқан «Master drive» техникалық қызмет көрсету станциясы болды.  Жеңілдетілген несиелеудің арқасында кәсіпкер Дмитрий Омельян автомобильдерге қызмет көрсететін ірі кешен ашыпты.

−2012 жылдан бастап автосервиспен айналысамын, екі қабатты ғимарат салу және жабдық сатып алу үшін маған «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында кредиттік қаражат түрінде субсидиялар берілді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында мен тек 6  пайыз төлеймін, ал, айырмашылықты «Даму»қоры субсидиялайды. Бизнесім жүріп жатыр, демалыс орны мен кофехананы, сондай-ақ, клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді іске қосу жоспарлануда. Мемлекет біздің автосервиске кірме жолдарды жөндейді, клиенттер бар, демек, әрі қарай тиімді жұмыс істейтін боламыз,−дейді станция басшысы.

Бұдан әрі журналистер жақында шағын бизнесті субсидиялау бағдарламасының нәтижесінде жаңа үй-жай алған «Свега» тігін цехының жұмысымен танысты. Цех 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс киімдерін, медицина қызметкерлеріне арналған киімдерді, сондай-ақ, сұлулық индустриясы сияқты қызмет түрлері киімдерін тігіп келеді.

−Біз «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несие алдық. Қаражат құрал-жабдықты жаңартуға бағытталған. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша жылдық мөлшерлемемен 6 пайыз несие беріліп, жаңа үй-жай сатып алынды. Бүгінгі таңда жұмыс тиісті жолға қойылды, еліміздің көптеген өңірлерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейміз, өз клиенттік базамыз бар. Облыстың барлық медициналық мекемелеріне қызмет көрсетеміз. Қызметкерлеріміздің бәрі өз ісінің  мамандары. Ұзақ уақыт бойы отыратын орнымызды жалға алсақ, ендімемлекеттік қолдаудың арқасында өз ғимаратымыз бар. Біз үшін бұл өте ыңғайлы.  Алдағы уақытта өз ісімізді кеңейтеміз деген ойымыз да жоқ емес, −деді цех басшысы Галина Плотникова.

«Даму»қорының өңірлік филиалының ақпараты бойынша биыл пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 249 жоба несиеге мүмкіндік алды, «кепілдік беру»  бағыты бойынша 193 жоба қолдау тапты. Мұндай бастамаларотандық кәсіпкерлікті  қолдау, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құру, іске жас кадрларды тарту, өндірісті дамытуға және еліміздің өркендеуіне өз септігін тигізетіні анық.

           Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
          «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар