Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы  іске асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы  іске асырылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру» тақырыбында брифинг өтті. Онда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразхан сөз алды.

  Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше көңіл бөледі. Бұл ретте, Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ғана емес, сонымен қатар, барлык негізгі бағыттар бойынша осы жұмысты батыл жалғастыра түсуде.  Негізгі бағдар ретінде  сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбірімен жою арқылы азаматтардың әл-ауқатын кешенді түрде қамтамасыз етуді айтуға болады.  Бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тиісті  шаралар қабылдануда. Осыған байланысты, әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әрбір өңір үшін басты құралға айналды.

−Ел Президенті мемлекеттік аппарат алдына азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің басты міндетін қойды. Осы тұрғыда біздің қызметіміздегі негізгі басымдықтар азаматтар мен бизнес үшін маңызды мәселелерді шешу, жүргізіліп жатқан жұмыс деңгейіне халықтың сенімі мен қанағаттануын қамтамасыз ету болып табылады. Біз бұдан бұрын айтқанымыздай, әлеуметтік зерттеулер, азаматтардың шағымдарын талдау, қылмыстық істер және құқықтық статистика нәтижелері негізінде әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы біздің жұмыс бағдарымыз. Картаға еліміздің әр өңірінің ерекшелігін ескере отырып, тұрғындардың өзекті проблемалық мәселелерінің тізімі енгізілген. Ақмола облысында осындай проблемалардың қатарына ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, экология, жолдар мен инфрақұрылым салалары, сондай-ақ бизнес мәселелері жатады,−деді Асхат Оразхан.

Экономика саласы бойынша  мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, тиісті шаралар қабылданды.  Биыл  департамент бұл тұрғыда белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізді. Ақмола облысы еліміздің ірі аграрлық өңірлерінің бірі. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығы саласы үнемі сыбайлас жемқорлыққа ұшырайды. Осы ретте, біздің мақсат сандық көрсеткіштерге қол жеткізу емес, рецидивтерді болдырмау.  Мысалы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген бағамен дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелерінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, дизель отынының көлемін келісу және жеткізу тәртібі де, жанар-жағар май өткізу үшін операторды іріктеу процесі де реттелмеген. Ал, басты мәселе бүкіл ел бойынша жеңілдікпен отын берудің бірыңғай тәсілінің жоқтығында болып отыр. Облыс әкімдігімен бірлесіп, осы процеске фермерлерді тарту арқылы дизель отыны операторларын анықтау рәсімінің ашықтығы қамтамасыз етілді.  Нәтижесінде өңірдің екі мыңнан астам шаруалары  өткен және ағымдағы жылдары жеңілдікпен жанар-жағар май алып,  жергілікті жерлерде егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізді.

Сонымен бірге, Агенттіктің бастамасымен тамыз айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы басталды. Оның басты мақсаты – қоғамды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке барынша тарту. Ол үшін төрт бағыт әзірленді. Бұл – қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, Pro bono волонтерлік, корпоративтік волонтерлік көмек көрсету.

−Азаматтарымыз бен бизнес-қоғамдастықты өзекті мәселелерді ашық талқылауға және мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік кедергілер туралы хабарлауға шақырғым келеді. Ол үшін агенттіктің 1424 call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, Антикор орталығында азаматтар мен кәсіпкерлерді қабылдаймыз, маған тікелей Facebook аккаунты арқылы хабарласуға болады, бір сөзбен айтқанда, біз бизнеспен және тұрғындармен диалог үшін әрқашан ашықпыз,−деп түйіндеді өз сөзін Асхат Оразхан.

Сонымен бірге,  спикер басқа салаларда анықталған заң бұзушылықтар мен олардың алдын-алу бойынша қабылданып жатқан  шараларға тоқталды. Брифинг соңында азаматтарды және бизнес-қоғамдастықты өзекті мәселелерді ашық талқылауға және мемлекеттік органдар тарапынан орын алатын сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік кедергілер туралы хабарлауға шақырды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар