Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарды Діннің жат ағымдарынан сақтандыру парызымыз - АРҚА АЖАРЫ

Жастарды Діннің жат ағымдарынан сақтандыру парызымыз

Кез-келген қоғамның негізгі тірегі мен белсенді бөлігі жастар екендігі анық. Сол себепті, еліміздегі жастардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын, материалдық және рухани яғни, идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

Әсіресе, қазіргі жастар арасында кеңінен тараған түрлі жат діни ағымдардың астыртын көздеген мақсаттары үрей туғызатыны анық.Бұл өз кезегінде жастардың негізгі платформасы болып табылатын Интернетте әртүрлі әлеуметтік желілердегі материалдардың мазмұнына үңіліп, сараптама жасауды қажет етеді.

Діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына ғаламтор кеңістігі мен заманауи электрондық бағдарламалық қосымшалар, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ақпараттық-психологиялық әсер ету арқылы енуде. Нәтижесінде азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендеу, отансүйгіштік сезімі мен төзімділік принциптері құнсыздану, құндылықтық бағыттары мен этикалық нормалары өзгеріске ұшырау, отбасына іріткі салыну, қоғамның жікке бөліну қаупі туындауда.

 Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, көбінесе 17-35 жас аралығындағы азаматтар деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетуге бейім келсе, бұл жағдайлардың 80 пайызы теріс пиғылды діни ағымдардың арбауына интернет, әлеуметтік желілер арқылы тап болып жатады.

Қазіргі таңда елімізде халықтың, соның ішінде жастардың діни сауаттылығы мен танымдық тәрбиесін арттыру маңызды екені көптеп айтылуда. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты екені айқын. Сондықтан, жастардың заманға сай діни білім деңгейін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Діни ағымдардың өкілдері радикалды экстремистік идеологиялардың ықпалымен қоғам мен мемлекетке қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға дайын екені белгілі. Бұған әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан радикалды діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық істері мен террористік актілері дәлел бола алады. Қоғамда радикалды діни идеялар туралы ақпаратты жүйелі түрде тарату террористер мен экстремистердің өз қатарына жаңа мүшелер тартуына бағытталған.

Бұл әрекеттер әсіресе жастарға бейімделген.Жастардың деструктивті ағымдардың ықпалына кету себептеріне әлеуметтік-экономикалық проблемалардың болуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, өмірлік тәжірибенің болмауы, сыни қабылдау қабілетінің төмендігі, жеке тұлғаның қалыптасуындағы психологиялық проблемалар әсер етеді. Атап айтқанда, экстремистік идеялармен уланған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің пайда болуы қоғамда діни ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде экстремистік-террористік және діни-радикалды мазмұндағы материалдардың таралуының алдын алу мақсатында дінтану сараптамасын жүргізу арқылы оны тежеудің оңтайлы тетіктерін қалыптастыруды талап етеді.

Діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы проблемаларды неғұрлым терең түсіну, экстремистік нарративтерге қарсы іс-қимыл, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу әдістерін енгізу кезінде ескеріледі.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу проблемасы, ең алдымен, әрбір отбасының, қоғам мен мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қаралады. Азаматтық қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен осы бағыттағы бірлескен жұмысы елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Дінсіз қоғам мен құлдық санадан жаңа ажыраған біздің қоғамға сырттан әр-түрлі пиғылды теріс ағымдар мен секталардың кіріп кеткендігі де рас. Осы орайда жастардың сол теріс ағым жетегіне ілігіп терроризм құрбаны болмауы үшін, ел болашағы болған жастарымыздың діни сауатты болуы аса маңызды.

Адамзаттың руханиятын көтеріп кемелдігін арттыруға Ислам дінінің берер пайдасы көп. Дегенмен Ислам атын жамылған деструктивті діни ағымдар, дінді өздерінің саяси мақсаттарына қолданып, террорлық әрекеттер жасап жүр. Экстремизм және терроризм жасаушы ұйымдар, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты, оның ішінде елдің келешігі болған жастарымызға ерекше қауіп төндіреді.

Зайырлы мемлекетіміздегі дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымызды кепілі. Сондықтан да жастарды әртүрлі жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру үшін оларды жастайынан өзінің асыл дінін, төл тарихын, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өсуіне баса мән беру өте маңызды. Осы тұрғыда дәстүрлі тәрбие мен рухани тәрбиені сабақтастыра отырып, толық кемелді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін жұмыстар ұдайы атқарылуы керек.

Қоғамның түрлі топтары арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жаңа тәсілдер мен технологияларға сұраныс пен талаптар өсуде. Осыған байланысты, Интернет-кеңістікте әлеуметтік желілерді пайдаланатын жастардың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зайырлы өмір салтының құндылықтарын, Қазақстан халқының ұлттық рухани дәстүрлерін және конфессияаралық келісімді насихаттау өте маңызды. Діни экстремизм мен фундаментализмнің таралуына кедергі келтіруі мүмкін тетіктерді жетілдіру қажет.

Біз болашағы зор, жаһандық көшбасшы, білімді, жігерлі, жаһандық нарықта бағасы мен сапасы жағынан неғұрлым тиімді нәрсе ұсынуға қабілетті біртұтас халық ретінде бәсекеге қабілетті ел болуға ұмтыламыз.

 Диас БАЙЖІГІТОВ,
Көкшетаудағы «Науан Хазірет»
мешітінің наиб имамы, теолог.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар