Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
10 моноқаланы дамытуға 1,7  триллион теңге жұмсалмақшы. Степногорск – осы қатарда - АРҚА АЖАРЫ

10 моноқаланы дамытуға 1,7  триллион теңге жұмсалмақшы. Степногорск – осы қатарда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді.

Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. Бұған дейін Министрлер Кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді.

10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген. Олар бойынша денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған. Осы мақсаттарға 1,7 триллион теңге жоспарланған.

Ақмола облысының Степногорск қаласында өнім шығаруды
71 миллиард теңгеден 90 миллиард теңгеге дейін, ал, ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім көлемін 10 пайызға арттыру көзделіп отыр. 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылатын, медицина қызметкерлері жаңа медициналық колледжде даярланатын болады. Орталық қалалық ауруханаға күрделі жөндеу және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, жылумен және электр қуатымен жабдықтау, кәріз желілерінің тозу деңгейін төмендету жоспарланып отыр. 15 аула аумағын абаттандыру есебінен балаларға қолайлы жағдай жасалады. Осы ретте, Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарауды, оларды одан әрі дамуытуды және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырғандығы  белгілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 27 моноқаланың әрқайсысының тұрақты экономикалық өсімнен бастап тоқырауға дейін даму перспективалары әртүрлі екенін атап өтті. Олардың кейбірі нарыққа бейімделіп, экономикасын әртараптандырып үлгерді. Бірақ, жалпы даму жолындағы теңгерімсіздік айқын.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ, жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр.

Жол картасында моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озық даму аумақтарын құру және тағы басқа мәселелер көзделген.

Анықтама: Қазақстанда 89 қала бар, оның 27-сі – 1,4 миллион халқы бар моноқалалар. Олар өнеркәсіп өнімдерінің шамамен 40 пайызын өндіреді.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында 5 моноқалада 2 806 жұмыс орнын аша отырып, 214,3 миллиард теңгенің 14 «зәкірлік» жобасы іске асырылуда.

        https://primeminister.kz/ru

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар