Қыста пештен шыққан өрт пен иіс қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде, «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы» брифинг болып өтті. Онда Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Манат Бегалин жағдаймен таныстырып, баяндама жасады.

Жылыту маусымы қарсаңында Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі айлығын жариялаған. Облысымызда жыл сайын жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттер саны айтарлықтай өсуде, оның негізгі себептері пештер мен электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып табылады. 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында Ақмола облысының тұрғын үй секторында 336 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 14 адам қаза тауып, 7 адам зардап шеккен. Және де көмірқышқыл газынан 1 адам қаза тауып, 3 адамға зиян келген. Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу аясында биылғы тамыз айынан бері 1010 үй тексеріліп, 3000-ға жуық заң бұзушылық анықталған. Тосын жағдайдың алдын алу үшін 727 көміртегі тотығы детекторы орнатылса, тағы 957 детектор қою жоспарлануда. Облыста барлығы 7749 жарамсыз үй бар, олар ерекше бақылауға алынған. Осыған байланысты өрттердің негізгі себептерін тежеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың алдын алу және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде көмірқышқыл газын анықтау құрылғыларын орнату бойынша рейдтік шаралар өтуде.

– Тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында біз жергілікті атқарушы органдар, депутаттық корпус, полиция, БАҚ өкілдерімен және еріктілермен бірлесе отырып, белсенді үгіт-насихат және профилактикалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар санаттары үшін тұрғын үйге комиссиялық бару ұйымдастырылды, – дейді Манат Таупыққалиұлы.

Адам көп жиналатын орындарда, дыбыс шығаратын құрылғыларды қолдану арқылы алдын алу жұмыстары жүргізіліп, мерзімдік баспасөз беттеріне мақалалар берілген. Эфирге 1652 хабарлама  шығарылған. Жүргізілген ауқымды профилактикалық жұмыстарға қоса, облыста ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі мен 16 қазаны аралығында, өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі жарияланды. Онда бұрын анықталған заң бұзушылықтарды жоюды тексеру үшін халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтарының, санаттарының тұрғын үйлеріне комиссияның қайта баруы ұйымдастырылады.

Азаматтарға өрттің алдын алудың маңызды шарты, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және орындау екенін құлаққағыс ете беру қайғылы жағдайлардың алдын алудың төте жолы.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар