Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Баспасөз-хабарламасы

2023 жылдың 30 қыркүйегінде Көкшетау қаласының Тәуелсіздік алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Басталуы сағат 08.00-де.

Аталған жәрмеңкеде Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен фермерлік қожалықтары 98,0 миллион теңге сомасына 90 тоннаға жуық өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік атауын сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 30,2 тонна ет және шұжық өнімдерін, 0,8 тонна жаңа балық, 250,0 мың дана жұмыртқа, шамамен 10,1 тонна сүт және сүт өнімдерін, 6,5 тонна ұн, 19,5 тонна картоп, 6,0 тонна көкөніс, сондай-ақ шөп, астық және басқа да өнімдер әкеледі.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар