Бурабайда әуесқойлар арасында тұқы аулау турнирі өтеді

30 қыркүйекте Бурабай курорттық аймағында «Бурабай тұқы -2023» турнирі өтеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалар Қотыркөл көлінің жағасында тұқы балығын аулап жарысады.

Балық аулау қарқынды дамып, танымалдығы артып келе жатқан демалыс түрі. Ереже бойынша, балықшылар ұстаған балығын суретке түсіріп, салмағын өлшеп, қазылардың есебіне тіркеткен соң, бірден суға жібереді. Қазылар салмағы 1,5 килодан асатын балықтарды ғана есепке алады. Ал қармаққа ұсақ балық ілінсе, оның салмағын өлшеместен, бірден еркіне жібереді.

«Бурабай даму» серіктестігі ұйымдастыратын сайысқа кез келген адам қатыса алады. Қатысатын орындар саны шектеулі.
Турнирде бақ сынауға тілек білдірген адамдардың барлығын көл жағасында күтеміз.

Жарыс 30 қыркүйек күні таңғы 7:00-ден 1 қазан күні сағат 10:00-ге дейін жалғасады.
Қатысуға өтінішті осы сілтеме бойынша қалдыруға болады https://forms.gle/a7HWCdjFKgvQmPKe9
Қажетті ақпарат алғысы келгендерге байланыс телефоны:
8(777) 444 56 77

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар