Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар, қымбатты ардагерлер!

 Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аға буын – ерен еңбекқорлық пен теңдесі жоқ төзімділікті кейінгі ұрпаққа өнеге ететін адамдар. Әрине, біздің рухани және материалдық байлығымыз Сіздердің адал еңбектеріңізбен жиналды. Қалалар салынды, өнеркәсіп дамыды, денсаулық сақтау және білім жүйесі жетілдірілді. Бірақ, ең басты мұра – даналық пен баға жетпес өмірлік бай тәжірибе.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының маңызды бағыты аға буын өкілдеріне шынайы қамқорлық жасау болып қала береді. Елімізде қарттарды әлеуметтік қолдау шараларының тұтас кешені жүзеге асырылуда. Зейнетақы мен қамсыздандырудың тиімділігі артуда, аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге араластыру бойынша бағдарламалар жұмыс істейді. Мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсетіледі.

Құрметті ардагерлер!

Сіздер – халқымыздың даналығы мен ғажайып салт-дәстүрін сақтаушыларсыздар, біздің жастарымыз үшін өміршең өнегесіздер. Бүгінгі күні зейнет демалысында болсаңыздар да өмір бойы көкейлеріңізге түйген жақсылықты, білім мен тәжірибені кейінгі жастарға мұра етіп, жарқын жол сілтеп келе жатырсыздар.

Сіздердің адалдықтарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Отанымыздың игілігі үшін адал еңбек еткен сіздер қандай құрметке болсын лайықсыздар. Бүгінгі әдемі мерекеде сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және ет жақын-туыстарыңызға амандық тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 Сіздерді Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының атынан ең маңызды және жарқын мерекелердің бірі – Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!

Зейнеткерлер мен ардагерлерді тұрақты қолдау, үлкендерге көңіл бөлу және оларға қамқорлық жасау – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың барлық санаттарын әлеуметтік қорғауға басымдық беретін мемлекеттік саясатының басым бағыты.

Ақмола облысында 1 қазанда дәстүрлі түрде қарттарды қолдау айлығы басталады, ол біздің өмірімізде ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің қандай рөл атқаратынын, үлкендерді құрметтеу және ұрпақтар сабақтастығын үзбеу қаншалықты маңызды екенін тағы да бір еске салуға арналған.

Осы мереке күндері біз үлкен өмірлік мектептен өткен, өзінің жанкешті еңбегімен, облысымыз бен еліміздің өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени әлеуетін құруға белсенді қатысуымен жалпыға бірдей құрметке ие болған барлық зейнеткерлер мен ардагерлерге ерекше құрмет көрсетеміз.    Лайықты демалыста бола отырып, біздің көптеген қарт азаматтарымыз белсенді өмірлік ұстанымын жалғастыруда, баға жетпес білімдері мен тәжірибелерімен тек өз балаларымен емес, айналасындағылардың барлығымен бөліседі.

Қадірлі ардагерлер, құрметті зейнеткерлер! Облыстың депутаттық корпусының атынан сіздердің қолдауларыңыз бен өнегелеріңіз, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз, Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін  үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық пен амандық, сергектік, отбасыларыңызға тыныштық пен жылылық, ұзақ өмір тілеймін. Әр күндеріңіз туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қамқорлығы мен назарына толы болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар