Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Красноярск өлкесінің делегациясы Ақмола облысында болды - АРҚА АЖАРЫ

Красноярск өлкесінің делегациясы Ақмола облысында болды

Ресей Федерациясының Красноярск қаласының мэрі Владислав Логинов бастаған Красноярск өлкесінің делегациясы жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Бұл сапар Астана қаласында алғаш рет өткізіліп отырған «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық көрмесі жұмыс бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Сапар аясында делегация Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжановпен, облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшыларымен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени, әлеуметтік және тағы басқа салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында ұйымдастырылған «B2B – екі өңір компанияларының кездесуі» дөңгелек үстелінде Ақмола және Красноярск компаниялары өндірілетін өнімнің экспорты-импорты бөлігінде өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін қарастырды.

Ақмола облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 349,1 миллион АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 106,1 миллион, импорт – 243,1 миллион АҚШ долларын құрады.

Красноярск өлкесінің делегациясы сапар барысында аймақтағы ең ірі алтын өндіруші «Алтынтау Көкшетау» компаниясын, «Тыныс» қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорнын және «Eurasia Group Kazakhstan» кәсіпорнын аралап, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласының өндірістік процестерімен және өндірілетін өнімдерімен танысты. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар мен алғашқы алюминийді жартылай фабрикаттар мен қорытпаларға қайта өңдейтін «КраМЗ» ЖШҚ, жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы және ағаш өнеркәсібі техникасын, тау-кен-байыту, шахта және компрессорлық жабдықтарды, бұрғылау жабдықтары мен құралдарын, жүк көтергіш крандарды, дискілі вакуум-сүзгілерді, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын жеткізетін «КТК Группа» ЖШҚ арасындағы b2b келіссөздерге қатысу аясында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

Ақмола облысы мен Красноярск өлкесінің достық қатынастары бұрыннан жалғасып келеді. Бұған 1999 жылы жасалған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім және 2023 жылғы наурыздағы бұрын жасалған келісімді іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дәлел бола алады.

Өткен жылы Ақмола облысының делегациясы Красноярск өлкесіне ресми сапармен барып, маңызды өңірлік іс-шара – Красноярск экономикалық форумына қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар