Қазақстан халқының саны 20 млн-ға жақындап қалды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ондағы мәліметке сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында елімізде 258 011 бала дүниеге келген.

Ал 85 989 адам қайтыс болды.

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 172 022 адамды көрсеткен.

Сондай-ақ, елге жыл басынан бері 17 200 адам келді, керісінше 11 303 адам кетті.

Қалаларда 12 368 662 адам тұрса, ауыл халқы – 7 576 064 адам.

Әйелдер саны – 10 205 957 адам, ерлер саны – 9 738 769 адам.

Былтырғы қазан айында Қазақстандағы халық саны 19 млн 700 мыңға жуықтаған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар