Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм осы саланың  жанашырларымен өркендейді - АРҚА АЖАРЫ

Туризм осы саланың  жанашырларымен өркендейді

Табиғаты талайды тамсандырған Бурабай өңірінде Дүниежүзілік туризм күніне орай «Aqmola Tourism Event» атты тақырыпта салтанатты іс-шара болып өтті.

Жиында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов туризм саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала майталмандарына «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» және «Туризм саласының үздігі» төсбелгілері мен облыс әкімінің Алғыс хаттарын тапсырды.

Салтанатты шарада туризм саласының дамуына арналған көрме ұйымдастырылып, өңірдің туристік әлеуеті туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шараға  қоғамдық жұртшылық өкілдері, туризм саласының көшбасшылары мен мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың басшылары қатысты.

Елімізде алға ілгерілеп, жылдам дамып жатқан саланың бірі – туризм. Қазіргі таңда адамдар өзге мемлекеттерге ғана емес, тіпті ғарышқа да туристік сапар жасауға құлшыныстық танытуда. Туризм саласының дамуымен қатар, біз өзіміздің ұлттық өркениетімізді, мәдени мұрамызды да сақтап қалуымыз керек. Өзге жұрт бізді өзіміздің ұлттық қолтаңбамыз, рухани құндылығымыз арқылы білгені абзал. Ұлтты ұлт ретінде танытатын оның рухани құндылығы екенін естен шығаруға болмайды.

– Туризм – мәдени тәжірибе алмасудың, халықаралық байланыстар орнатудың және бейбітшілікті нығайтудың қуатты құралы. Өңірімізде үш мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, ЮНЕСКО-ның табиғи мұра тізіміне енгізілген бірегей мемлекеттік Қорғалжын қорығы бар.  Бүгінде Ақмола облысында осы бағытта 600-ден астам мекеме жұмыс істейді, оның 348-і орналастыру нысаны болса, 15-і курорттық-шипажай, 207-сі жол бойындағы сервис субъектісі, ал 76-сы туристік фирма. 2022 жылы өңірдің туристік объектілеріне 1,2 миллионнан астам адам келген болса, соңғы алты айда 7449 шетелдік адам саяхаттаған. Ішкі туристік сапарлардың жалпы құрылымында Бурабай көш бастап тұр, – дей келіп, Азамат Тайжанов саладағы салмақты істерді айғақтай түсетін көрсеткіштерді алға тартты.

Ақмола өңірінде туризм саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Облысқаалыс-жақын шет елдерден, өз еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристерге жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым заман талабына сай жақсара түсуде. Бурабайдың баурайында инфрақұрылымның жақсарғанын келімді-кетімді кісі де, жергілікті жұрт та анық байқауда. Жаңадан ашылған ондаған қонақ үйлер, шипажайлар қызмет көрсетуде. Демалыстың түрі де, мәнді мазмұны да, кісі көңілінен шығатын қызметі де саналуан.

– Танымал курорттық аймақтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымының алтыжобасын іске асыруға 5,9 миллиардтеңге бөлінді. Ал, 2023 жылы Зеренді курорттық аймағын 2025 жылға дейін дамыту жоспары әзірленді. Өңір кәсіпкерлері туризмді дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдануда. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 105,1 миллион теңгеге 12өтінім қолдау тапты, –  деді аймақ басшысының орынбасары өз сөзінде.

Іс-шара барысында облысымыздың туризм саласын дамытуға және ілгерілетуге өз үлесін қосқан мамандар марапатталды.  «Инсар» қонақ үйінің директоры Азамат Жанәбілов, «INTER HEALTH» компаниясының директоры Қымбат Қайдаров, «Rixos Borovoe» қонақ үйінің сату және маркетинг бөлімінің басшысы Шыңғыс Абылаев, «VIP» қайық станциясының директоры Саят Рақышев, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреация және туризм жөніндегі маманы Виктория Жалтеева, ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» этнографиялық мұражайының экскурсоводы Вероника Антипова, Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің экскурсоводы Гүлдана Әбутрапова, Бурабай ауданының туризм және демалыс қауымдастығының директоры Сәния Ахметова, «Бурабай-даму»серіктестігінің мультимедиялық интерактивті кешенінің әкімшісі Мирас Өзбеков, «Нептун» қайық станциясының директоры Андрей Нестерук және тағы басқалары Алғыс хаттармен марапатталды. Жиын барысында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Орленок» серіктестігінің директоры Павел Безвербный, сондай-ақ, Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы туризмді талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Мария Титова «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» және «Туризм саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар