Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Мұғалім күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Мұғалім күнімен құттықтауы

Құрметті мұғалімдер, білім беру саласының қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалімдер еңбегі әрдайым аса жауапты. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, оқушылар үшін адамгершіліктің жарқын үлгісі болып қала береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым жүйесін дамытуды еліміз үшін басты міндет деп атап көрсетті. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жаңа мектептер салынуда, бұрынғылары күрделі жөндеуден өткізілуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында бес мектеп пайдалануға беріліп, 58 білім ошағы жөндеуден өткізілді. Біз барлық оқу орындарын қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және зертханалармен қамтамасыз етудеміз.

Әйтсе де озық бағдарламалар, ең жақсы жабдықтары бар заманауи мектептердің өзі сіздердің бай тәжірибелеріңізді, шынайы шеберліктеріңізді, шығармашылық шабытты алмастыра алмайды. Ұстаздардың жаңа технологиялардан қалыс қалмай, үнемі біліктілігін арттырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғандары барша қоғамды қуантады. Өткен оқу жылында ақмолалық оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда жоғары жетістіктерге жетті.

Педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғыс айтқым келеді. Сіздер ең жоғары атаққа, мерейлі марапатқа және шексіз құрметке әбден лайықсыздар. Мұғалім мамандық емес, нағыз кәсіп. Облыстың білім беру жүйесін дамытуға сіздердің қосқан үлестеріңізді түгел айтып шығу әсте мүмкін емес.

Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі таңда сіздердің алдарыңызда өте маңызды міндеттер тұр. Ең бастысы, білім сапасын арттыру. Бүгінде тек озық ғылымы бар ұлт қана бәсекеге қабілетті және табысты бола алады. Жарқын болашақтың кілті сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жасампаз да жеңімпаз ұрпақты тәрбиелеуді міндет етіп алғансыздар.

Сіздерге ел болашағы жолындағы қиын да жемісті жұмыстарыңыз үшін көп рахмет! Төл мерекелеріңізде шын жүректен зор денсаулық, отбасы амандығын, толайым табыс және өз салаларыңызда жоғары жетістіктер тілеймін!

***

Құрметті ұстаздар,

қадірлі педагогикалық еңбек ардагерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан Сіздерді кәсіби мереке – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жылы Үкіметтің Қаулысымен бұл мереке Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен үндестірілді, енді біз бұл күнді қайтадан 5 қазанда атап өтеміз.Бұл ұстаздарымызға терең ризашылық білдіруге, өз үлгісімен бізді мейірімді, әділ әрі адал болуға үйреткен алғашқы тәлімгерлерімізді еске алуға арналған күн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру қызметкерлерінің  Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудағы шешуші рөлін бірнеше мәрте атап өткен. Педагогтің ерекше мәртебесі мен мұғалімдерге құрметпен қарау «Педагог мәртебесі туралы» Заңда бекітілген.

Ақмола облысының мұғалімдер қауымы жыл сайын жоғары көрсеткіштерге жетуде, оқыту сапасын үнемі арттырып, белсенді, шығармашыл және жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеумен келеді.

Қадірлі ұстаздар, сіздерге кәсібилік пен өз істеріңізге жан-тәнімен берілгендік, шексіз шыдамдылық пен түсіністік, адалдық пен оқушыларға деген сүйіспеншілік үшін алғыс айтамын.

Бүгінгі білім беру жүйесінің негізін қалаған, еліміз кешкен қиын кезеңде барымызды сақтап, көбейтіп, табысты әрі дарынды оқушылардың бірталай ұрпағын тәрбиелеген педагогикалық еңбек ардагерлеріне айтар алғысым ерекше.

Құрметті әріптестер, бар ниетіммен дендеріңізге саулық, істеріңізге сәттілік, келер күнге деген сарқылмас сенім мен жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін! Отбасыларыңызбен бірге бақытты да бақуатты өмір сүріңіздер!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар