Ақмола облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестор өз жұмысын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізеді.
Бұл прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Ақмола облысының прокуратурасы құны 63 млрд теңге болатын «Big Farm» ЖШС (Urbas Crupo) инвестициялық жобасының проблемалық мәселесін оң шешті.
Жылына 7200 тонна асыл тұқымды сиыр етін өндіруді жоспарлап отырған испан инвесторы 3 жыл ішінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесін ала алмаған.
Сондай-ақ, ол құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алуда кедергілер мен әкімшілік кедергілерге тап болған.

Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы кешенді шаралармен «Big Farm» ЖШС шетелдік инвесторының (отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен) жобасын сүйемелдеу шеңберінде жұмысын бастады.

Прокуратураның негізгі міндеті проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру болып табылатынын атап өтеміз.
Егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, облыс прокуратурасының кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы (байланыс нөмірі +7705 129 11 40) арқылы прокуратура қызметкерімен тікелей байланыса аласыз.

Ақмола облысы прокуратрасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар