Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларының  әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы - АРҚА АЖАРЫ

Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларының  әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

А.ж. 6 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Ағымдағы сайлау науқанының екінші отырысы аясында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қаланың әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындысы қаралды.

Отырысқа облыстардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері (бейнеконференция режимінде), саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыс сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, ОСК интернет-ресурсында және Youtube-та көрсетілді.

ҚР ОСК Төрағасы отырысты аша отырып, 26 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын даярлау мен өткізу аясында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында аумақтарға инспекциялық сапарларды бастағанын хабарлады.

Осылайша, бүгінгі күнге ОСК мүшелері 9 өңірінің — Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының 24 пилоттық ауданы мен облыстық маңызы бар қалаларына барып, сайлауды дайындау және өткізу барысымен танысты, сайлау процесіне қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық кейстерді талдады.

Инспекциялық сапарлар барысында жергілікті жерлерде аудандық аумақтық сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін ұйымдастыратын каскадтық әдіспен өткізілетін оқу семинарларының сапасын бақылау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

А.ж. 11 қазаннан бастап өңірлерге жоспарланған инспекциялық сапарлар жалғасын табады.

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндама жасады.

Ол сайлау науқаны кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның 36,24% – саяси партиялар, 63,86% — өзін-өзі ұсынды.

Бір орынға ең жоғары бәсекелестік — Жамбыл облысында (Жуалы ауданы), Жетісу облысында (Кербұлақ ауданы), Түркістан облысында (Бәйдібек ауданы) 9 үміткерден, ең төмен – 3 үміткер Ақмола облысында (Жақсы ауданы), Атырау облысында (Исатай ауданы), Батыс Қазақстан облысында (Қаратөбе ауданы), Қостанай облысында (Алтынсарин, Денисов, Қарабалық аудандары).

Ұсыну барысында барлық тіркелген 7 саяси партия өз белсендігін көрсетті: «Ақ жол» ҚДП, AMANAT, «Ауыл» ХДПП, Байтақ, ЖСДП, ҚХП, Respublica,партиялары.

Ұсынылған үміткерлердің орташа жасы — 47 жас. Үміткерлердің ең көбі — 35 пен 55 жас аралығында — 68,27%. Ең ересек үміткер Атырау облысының Қызылқоға ауданында — 62 жаста, ең жас үміткер Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында — 27 жаста.

Кандидаттардың көпшілігі ер адамдар. Сонымен қатар 13 әйел адам ұсынылды.

Кандидаттардың 63,05%-ы мемлекеттік қызметшілер болып табылады; 9,64% — бюджет саласының қызметкерлері, 14,86% — коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді; 0,8% — саяси партияларда және ҮЕҰ — да жұмыс істейді, 6,83% — уақытша жұмыс істемейді, 4,82% — басқа жұмыспен қамту топтарының өкілдері.

Бұл ретте ұсынылған кандидаттардың 21,69% — экономистер, 19,28% — заңгерлер, 14,46% — оқытушылар, 13,6% — инженерлер, 9,64% — ауыл шаруашылығы білімі және 21,28% — басқа мамандықтардың өкілдері.

Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 10 қазанда сағат — 18.00-ге дейін жалғасады.

Константин Петров кандидаттарды ұсыну қорытындылары бойынша барлық ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының сайттарында, ал өңірлер бойынша сілтемелері бар жиынтық ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланатынын атап өтті.

Сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беріп, ағымдағы науқанның барысы, пилоттық өңірлердің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну нәтижелері және сайлау науқанын өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Кандидаттардың ұсынылуын қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров сайлау процесінің ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын кандидаттардың ұсынылуы 5 қазанда сағат 18.00-де аяқталғанын және бұл кезеңнің өте белсенді болғанын атап өтті.

ОСК басшысы отырысқа қатысушылардың назарын Орталық сайлау комиссиясының азаматтарды ағымдағы сайлау науқанының барысы туралы кеңінен хабардар ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлетініне аударды. Өткен отырыста аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына коммуникацияның түрлі арналары арқылы сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлау туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін тұрақты әрі жеке бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл мәселеде сайлау органдарына барынша көмекті тиісті уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар көрсетуге тиіс.

Осы мәселе бойынша ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова әкімдердің сайлауы өтіп жатқан барлық өңірлерде дауыс беру күні туралы ақпараттық баннерлердің орналастырылғаны және жергілікті телевизиялық БАҚ эфирінде ақпараттық науқанның басталғаны туралы хабарлады.

ОСК Төрағасы өңірлерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді және кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін жеткілікті орын беруді тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар