«Жігіттің сұлтаны» анықталды

Ақмола облысында Абылай ханның 310 жылдығына, Ақан серінің 180 жылдығына және Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 20-29 жас аралығындағы 14 жігіт қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Олар бірінші кезеңде өздерін таныстырып, өнерімен таңғалдырды, Ақан серінің, Иманжүсіп Құтпанұлының әндерін орындады. Екінші кезеңде жамбы ату, аударыспақ, гір тасын көтеру, армрестлинг және қазақ күресі сияқты спорттық сайыстарда күш сынасты.

ақан сері
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА

Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы:

Бас жүлде – 500 мың теңгенің ақшалай сертификаты Павлодар облысынан келген Айбын Уахитовке берілді.

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы «Білекті жігіт» аталымы бойынша 300 мың теңге ақшалай сертификат Қадыр Дәуренге (Көкшетау қаласы) бұйырды.

Ақан сері Қорамсаұлы атындағы «Өнерлі жігіт» аталымы бойынша 300 мың теңге ақшалай сертификатты Екпін Тоқтар (Зеренді ауданы) алды.

Сұлтан Бейбарыс атындағы «Білікті жігіт» аталымы бойынша 300 мың теңге ақшалай сертификатқа Мағжан Ұзақбоев (Солтүстік Қазақстан облысы) ие болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында «Арқаның ән дариясы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталғанын жазған едік.

жігіттің сұлтаны
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА
иманжүсіп
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА
жігіттің сұлтаны
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА
иманжүсіп
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА
ақан сері
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА
ақан сері
Фото: “ҚазАқпарат” ХАА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар