Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туристік жарна мөлшерлемесін қайта қарау қажет болып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Туристік жарна мөлшерлемесін қайта қарау қажет болып тұр

Туристік қызметтің түйткілді мәселелерінің бірі – шетелдіктерден туристік жарна алу. Бұл проблема Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Туризм және экология жөніндегі салалық Кеңесінің кезекті отырысында қаралды.
Осы жылдың шілдесінде шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа қағидалары бекітілгені белгілі. Енді туристерді орналастыру орындарында бұл жарнаға 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейінгі мөлшерлеме қолданылады.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін есептеу өткен күнтізбелік жылдың өзекті статистикалық деректері негізінде жүргізіледі. Бұл шешім елге туристік ағынның артуы үшін қабылданған. 2022 жылдың екінші тоқсанында туристер легі 93,4 пайызға өсті, бұл шамамен 67 500 адам.

Алайда, туристер санының өсуі қысқа мерзімді және тұрақсыз болды. Бұл біздің елден тыс геосаяси жағдаймен байланысты емес. Бүгінгі таңда бизнес өкілдері атынан бюджет қаражатын қабылдау жөніндегі операторлар туристік жарнаны жинау кезінде бірқатар проблемаға тап болды.

–Туристік жарнаны жинау механизмі мен туристік жарнаны төлеу фактісін растайтын бірыңғай құжат жоқ. Сондай-ақ, оңайлатылған режим бойынша (ҚР ҰК 683-бабы) және қосымша құн салығына қою бойынша шектен асып кету, Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан ықтимал тексерулер мен камералдық бақылау тәуекелдері бар. Жағдай эквайрингтік операцияларға қосымша шығындармен, заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік компаниялармен өзара есеп айырысудың мүмкін еместігімен күрделене түседі. Туристік жарна жинау операторлары үшін де, шет тілдеріндегі туристер үшін де ақпараттық қолдау, түсіндіру және оқыту жұмыстары жоқ. Бұл мәселелерді шешу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекспен нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер қажет, – дейді Ақмола облысының туризм және демалыс қауымдастығының басшысы және салалық Кеңестің төрағасы Қайрат Сұлтанов.

Салық кодексіне келесі өзгерістер тек 2025 жылы енгізіледі. Бұдан басқа, Бюджет кодексінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға туристік жарнадан қаражат түсімі көрсетілмеген.

–Осыған байланысты Өңірлік палата 2023 жылдың соңына дейін шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тетігі бекітілгенге дейін нөлдік мөлшерлемені қолдана отырып, аудандар мен облыс мәслихаттарының шешімін қайта қарауды, туристік жарна мөлшерлемесін бекітпеуді ұсынамыз. Немесе 0,2 АЕК есептеудің ең төменгі мөлшерлемесі қолданылуы керек, – деп атап өтті отырыста Туризм және экология жөніндегі салалық кеңестің үйлестірушісі Жанна Беспалинова.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар