Батыр бейнесі – қабырғада

Степногорск қаласында Құтқарушы күні кәсіби мерекесі қарсаңында Асқар Забикулинге арналған жаңа мурал пайда болды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

2022 жылдың қараша айында өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан Ақмола облысының Біржан сал ауданы Үлгі ауылының тумасы, елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин бейнеленген арт-объект Степногорск қаласы 3-МӨСБ ғимаратының алдыңғы жағында орналасқан.

Батыр-құтқарушының портретін Степногорск қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша Алматылық «AW_borders» компаниясы орындаған болатын. Суретші Абылайхан Сүлейменовтың жұмысына 10 күндей уақыт кеткен. Степногорск қаласы ТЖБ бастығы Ержан Қаппасовтың айтуынша, мурал батырды еске алу үшін және арнайы 19 қазан – Құтқарушы күні кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған.

«Асқардың ерлігін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл мурал – бізге, сондай-ақ, оның қыздарына қалған мұралардың бірі болып табылады. Оның ерлігін ұмытпағандарыңыз үшін көп рахмет және де қолдау көрсеткендері үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», – деді Асқар Забикулиннің ағасы Эльдар Забикулин.

Қатысушылардың айтуынша, стрит-арт сурет қаланың көрікті жерлерінің біріне айналады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар