Екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған М. екі адаммен қосылып, алкогольді ішімдіктерішіп, өзара жанжал кезінде О.-ғабірнеше рет пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болады. Бұл қылмысты жасыру мақсатында М.денесіне бірнеше рет пышақ соғу арқылы С. деген әйелді де өлтіреді.

Сөйтіп, М.арақтың салдарынан бір емес, екі бірдей адамды өлтіріп,Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 10),13)-тармақтарына жататын аса ауыр қылмыс жасады. Айыпкер М.-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, болған оқиға орнын тексеру хаттамалары, жүргізілген сараптама қорытындылары, айыпкердің өз кінәсін толық мойындап келуімен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық расталды.

Сот оған жазаны тағайындағанда2008 жылы кісі өлтіргені үшін сотталып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын толық өтегенін, бірақ, қайтадан аса ауыр қылмысқа барғанын ескерді. Сөйтіп, сот үкіміменМ. екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге моральдық зиян мен материалдық залалды өтеу туралы талап-арыздар да қанағаттандырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар