Қоғамдық қабылдау қызметі «AМANAT» партиясы жұмысының басты әрі жауапты бағыттарының біріне жатады.
Қазір партияның барлық филиалында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жолға қойылып, ол билік пен бұқара арасында берік байланыстың алаңына айналды. Оған дәлел, биылғы жылдың сегіз айындапартияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің атқарған толайым жұмыстары.
Бізге түрлі сұрақтармен жүгінеді және біздің міндетіміз – туындайтын мәселелерді атқарушы және құқық қорғау органдарына жеткізе отырып, азаматтардың мәселесінің шешілуіне көмектесу. Әрбір азамат көтерген кез-келген мәселе егжей-тегжейлі қарастырылып, зерттелуі керек. Сондықтан, әр филиал, әр бастауыш партия ұйымы азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу процесіне белсенді түрде ат салысуы тиіс. Облыс бойынша 2023 жылдың 9 айы ішінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері жүргізетін қоғамдық қабылдауларына 2662 адам жүгінді. Қарау нәтижелері бойынша олардың 57 пайызының мәселелері оң шешілді, 40 пайызы бойынша түсініктемелер беріліп, консультативтік көмек көрсетілді және 3 пайызы бақылауда ұсталуда. Күн сайын партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтар қандайда бір мәселелерді шешуге жәрдемдесуді сұрайтын өтініштер келіп түседі.
Мәселен, Мәншүк ауылының тұрғыны Орал Төлегенқызы Қосыбаева ІІ топтағы мүгедек. Ол үйінің тозығы жеткен төбесін ауыстырып беру мәселесі бойынша «Мәншүк» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлайым Қожабековға өтініш білдірді. Аталмыш мәселенің өзектілігін ескере отырып, БПҰ-ның төрайымы «AMANAT» партиясынан сайланған Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Амангелді Капановпен бірлесіп аталған мәселені оң шешті.Нәтижесінде үйдің тозығы жеткен төбесі ауыстырылып, жаңартылып берілді.
Заводской кентінің тұрғындарының Степногорск қалалық мәслихатының депутаты Нина Михайловна Оразбаевамен кездесуінде қарт тұрғындар кентте банкомат орнатуды сұрады, өйткені, зейнеткерлерге зейнетақы алу үшін үнемі қалаға бару өте қиын.Осы мәселе бойынша депутат қалалық мәслихатқа депутаттық сауал жолдады.«Халыққа көмек» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Заводской кентінде банкомат орнатуға осы өтініштен кейін кенттің «Джахангир» сауда үйінде «Жусанбанктың» банкоматы орнатылды.
Партияның Көкшетау аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауына Жұмағали Саин 6, Тәшенов 111, Жамбыл Жабаев 177, Бигелдинов 113 үйлерінің тұрғындарынан көше жарығының жоқтығы бойынша арыз келіп түсті.Онда қала тұрғындарының қараңғы уақытта жарықтандырылмаған жерлерден өтуден, балаларды қараусыз қалдырудан қорқатындығы айтылған. Аталған сайлау округінің депутаты Фаим Маратұлы Жұмабеков бұл өтінішке дереу әрекет етіп, мәселені өз көзімен көру үшін осы мекенжайларға барып, жағдайдың мән-жайымен танысты. Осы мәселе бойынша депутат шұғыл түрде Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінедепутаттық сауал жолдап, осыдан кейін бұл мәселе оң шешімін тапты. Бүгінгі күні жарықтандыру діңгегін орнату жұмыстары аяқталды. Айта берсе, мұндай оң шешілген мәселе көп.
Азаматтарды партияның қоғамдық қабылдауларында қабылдау бекітілген регламентке және қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Есепті кезеңде 1131 азаматты қабылдау өткізілді, оның барысында 2249 адам қабылданып, 1304 өтініш немесе барлық өтініштердің 58 пайызы оң шешілді. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары да 263 азаматты қабылдады және 511 өтініш қаралып, олардың да 47 пайызы оң шешімін тапты.
«Халыққа көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіледі, апта сайын заңгерлер, нотариустар, адвокаттар мен медиаторлар қабылдаужүргізеді. Олардың қорытындысы бойынша қаншама азаматтарға ауызша заңгерлік кеңес берілді, сот құжаттары жасалды, соттарда азаматтардың мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді. «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында да заңгерлер, нотариустар мен медиаторлар 99 қабылдау өткізіп, 180 азаматқа консультативтік көмек көрсеткенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, «Халыққа көмек» аясында 18 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 82 өтініш қабылданғанын, 165 көшпелі қабылдауда 344 өтініш қабылданып, оның 57 пайызы оң шешілгенін айтпай болмайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың қабылдауларын, сондай-ақ, оң шешілген мәселелердің кейстерін жариялау бойынша да жұмыстар белсенді жүргізілуде. 9 айда БАҚ-та 682 материал жарияланғаны соның дәлелі. Азаматтарды қабылдауды Facebook арналары арқылы тікелей эфирде өткізу мүмкіндігі пайдаланылады. Ағымдағы кезеңде тікелей эфирде азаматтарды 110 қабылдау өткізілді, соның ішінде депутаттар 67, жергілікті атқарушы органдар басшылары 17, партия филиалы басшылары 26 рет қабылдады.
Партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәжірибесі де бар. Мәселелерді шешуге жәрдемдескеннен кейін өтініш берушілер партияға кіруге ниет білдіреді. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында партияға 142 жаңа мүшелер қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылданды. Халық пен билік арасында дәнекер бола білген партия тұрғындардың өтініш-тілектерін шешу жолында одан әрі жұмысын жалғастыра бермекші.
Дархан Қанафин,
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының
қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.