Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектептердің қауіпсіздігі – өзекті мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Мектептердің қауіпсіздігі – өзекті мәселе

Облыстық мәслихат депутаттары Айнагүл Балташева мен Дуанбай Ыбырай Краснояр ауылына жұмыс сапары аясында №1 және №3 жергілікті мектептердің қауіпсіздігін тексерді.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияны және облыстық мәслихат жанындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын басқаратын А.Балташева атап өткеніндей, оқу орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның басшылығымен «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес өз бақылауына алды.

Депутаттар Краснояр ауылдық округінің әкімі Серікжан Мақышпен бірге мектептердің іші мен аумақтарын тексерді. Атап айтқанда, терезелерде қорғаныс бекіткіштерінің болуына, баспалдақ аралықтарындағы қоршаулар мен баспалдақтардың сапасына, турникеттер мен бейнебақылау камераларының жұмысына, мектепішіндегі және көше әжетханаларының, кәріз люктерінің, қоршаулардың жай-күйіне назар аударылды. Мектеп директорлары балалардың жайлы және қауіпсіз оқуын қамтамасыз ету үшін жүргізілген жөндеу жұмыстары, арнайы «дабыл түймелерін» және басқа да жабдықтарды орнату туралы айтып берді.

Айнагүл Балташеваның айтуынша, мектептерге осындай мониторингті облыстық мәслихат депутаттары мен партиялықтар ауылдық жерлерде де жүргізетін болады. Сонымен бірге, оқу орындарында қауіпсіз орта құру мәселелері әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның және депутаттық фракцияның отырыстарында арнайы қаралатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар