Бұланды ауданы Макинск қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты ағаш отырғызу бойынша республикалық экологиялық акцияға қатысты.
Аудан орталығында акцияға 300-ден астам қатысушы 160-қа жуық қылқан жапырақты ағаштар мен пирамида теректерін отырғызды.
Айта кетейік, облыста Республика күні мен республикалық экологиялық акция аясында 1000-нан астам ағаш отырғызылып, сенбіліктер өткізілді.
Акцияның мақсаты — өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру.