Марат Ахметжанов Бұланды ауданында ағаш отырғызуға қатысты

Бұланды ауданы Макинск қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” атты ағаш отырғызу бойынша республикалық экологиялық акцияға қатысты.

Аудан орталығында акцияға 300-ден астам қатысушы 160-қа жуық қылқан жапырақты ағаштар мен пирамида теректерін отырғызды.

Айта кетейік, облыста Республика күні мен республикалық экологиялық акция аясында 1000-нан астам ағаш отырғызылып, сенбіліктер өткізілді.
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар