Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мереке. Думан. - АРҚА АЖАРЫ

Мереке. Думан.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы  Алмас Алинның қатысуымен «Алдағы Республика күнін мерекелеу туралы» брифинг болып өтті. Республика күнін мерекелеу дәстүрін жаңғырту мемлекет дамуының негізгі басымдықтары, еліміз және ұлт үшін пайдалы істерді іске асыру идеясы төңірегіндегі қоғамды біріктіру мен шоғырландырудың жаңа мүмкіндіктерін айқындады.

– Республика күні ұлттық мерекесін атап өтудің басты мұраты –азаматтарды мемлекеттік саясат пен реформалар бағытының басымдықтары аясында ұйыстыру мен біріктіру. Мерекенің мазмұны және ақпараттық күн тәртібі, оның игі дәстүрлерін бекітуге, халықтық ахуалды қалыптастыруға, әсіресе, жастар арасында тұрақты дамып келе жатқан еліміз үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұлғайтуға арналған, – дейді Алмас Аянұлы.

Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысында Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын құрды. Осы жоспар бойынша облыстың барлық аймақтарында 5 мыңнан астам іс-шара өтеді. Ең ірі шаралардың бірі – 24 қазанда «Көкшетау» мәдениет сарайында өтетін Республика күніне арналған мерекелік кеш болмақ. Сондай-ақ, 25 қазанда Көкшетау қаласындағы Әуелбекова көшесінің басындағы Ту тұғырда Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсімі өтеді. Бұл Астана қаласындағы бас салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін болады. Және де жоспар бойынша білім беру ұйымдарында 16-24 қазан аралығында мерекелік кештер, салтанатты жиналыстар, концерттер, шығармашылық байқаулар, сынып сағаттары, тақырыптық лекциялар және тағы басқа шаралар өткізіледі. Сонымен бірге, еңбек ұжымдарында, кәсіпорын-ұйымдар мен мекемелерде ардагерлердің қатысуымен және оларға құрмет көрсетумен, естелік және бағалы сыйлықтар тапсырумен салтанатты шаралар өтетін болады. Бұған қосымша, мерекеге орай, 23-25 ​​қазан аралығында халыққа танымал ірі сауда орындарында мерекелік сауда-саттық, түрлі акциялар, жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Жалпы, Республика күнін мерекелеу қазақстандық қоғамды ұлттық құндылықтар төңірегінде тығыз топтастыруға, қазақстандықтардың Әділетті Қазақстанды құру идеясына азаматтық қатысу сезімін нығайтуға ықпал етуі тиіс. Баяндама соңында басқарма басшысы «Дәстүр бойынша барлық жерде орталық алаңдарды, басты көшелер мен елді мекендерді мерекелік безендіру, тақырыптық бейнероликтер түсіріп,тарату, баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде тақырыптық айдарлар ашу қамтамасыз етіледі. Бұл күндері облыс бойынша 10инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени объектілерді ашу және пайдалануға беру  іске асырылады» дей келе, осы мәселеде тек мемлекеттік орган өкілдері ғана емес, азаматтық сектор өкілдері, журналистер мен БАҚ өкілдерінің де белсенділік танытқаны дұрыс болады» дегенді де айтып өтті.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар