Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың өкімімен Юрий Курушин Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Юрий Викторович Курушин, 1976 жылы туған, Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1995 жылы Шортанды ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 1995-2006 жылдары – Шортанды ауданы бойынша салық комитетінің әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді.
2006-2013 жылдары – Ақкөл, Жақсы аудандары бойынша салық басқармаларының бастығы болып жұмыс істеді. 2013 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы қаңтарға дейін – экономика және қаржы бөлімінің басшысы, содан кейін 2018 жылғы шілдеге дейін – Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек еткен.
2018 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қарашасына дейін – Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Ақкөл ауданының әкімі қызметін атқарған.