Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында сайлау қорытындысы жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында сайлау қорытындысы жарияланды

Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы және Шортанды аудандарында әкім сайлауы өтіп, оған 57 139 дауыс беруші қатысты.

Сайлаушылар тізіміне 79 148 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқаны – 57 139 сайлаушы. Оның ішінде 8-есептен шығару куәліктері бойынша, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны – 924

Кандидаттардың жалпы саны – 12.

Аудан әкімдері сайлауында мынадай қорытынды белгіленді:

Ақкөл ауданы бойынша Б.Әбдірахманов үшін 10163 сайлаушы дауыс берді. С.Кенжебаев үшін 1341 сайлаушы дауыс берген. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 786.

Астрахан ауданы бойынша Т.Ерсейітов үшін 8970 сайлаушылардың дауысы берілді, Б.Төкішев үшін 884 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 526.

Есіл ауданы бойынша К.Әлімжанов үшін 1524 сайлаушы дауыс берілді, С.Балжанов үшін 8181 сайлаушы дауыс берген. С.Кенжетайға 592 сайлаушының дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 778.

Жақсы ауданы бойынша Р.Жұмағұлов үшін 798 сайлаушы дауысы берілді, А.Қадыралина үшін 6644 сайлаушы дауыс берген. Е.Оспанов үшін 528 сайлаушы дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 475.

Шортанды ауданы бойынша Ә.Балташев үшін 1157 сайлаушы дауысы берілді, С.Шабаров үшін 12827 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 104.

Сайлау қорытындысы бойынша мына аудандарға әкім сайланды:

Ақкөл ауданы бойынша Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов сайланды.

Астрахан ауданы бойынша Талғат Аманбайұлы Ерсейітов сайланды.

Есіл ауданы бойынша Серік Мырзасейітұлы Балжанов сайланды. Ол 1980 жылы туған, ШЖС «Бейсен-1» директордың орынбасары қызметін атқарған.

Жақсы ауданы бойынша Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина сайланды.

Шортанды ауданы бойынша Сағындық Серікбайұлы Шабаров сайланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар