2023 жылғы 5 қарашада Ақмола облысының Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы және Шортанды аудандары әкімдерінің сайлауы болып өтті.
Сайлаушылар тізіміне 79148 азамат енгізілген. Дауыс беруге 57139 сайлаушы қатысты, оның 8-і сырттай дауыс беру бюллетенін пайдаланды, 924-і дауыс беретін үй-жайдан тыс жерде болды.
Үміткерлердің жалпы саны – 12.
5 аудан әкімдерін сайлаудың келесі нәтижелері анықталды:
Ақкөл ауданында
Б.Т.Әбдірахманов үшін сайлаушылардан 10163 дауыс, С.М.Кенжебаевқа 1341 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны – 786.
Астрахан ауданында
Т.А.Ерсейітовке 8970 дауыс берілсе, Б.Д.Тоқышев үшін 884 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны – 526.
Есіл ауданында
Қ.Ғ. Әлімжанов үшін 1524, С.С.Балжановқа 8181, С.Е.Кенжетай үшін 592 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны – 778.
Жақсы ауданында
Р.С.Жұмағұлов үшін 798 дауыс, А.А.Қадралинаға 6644 дауыс, Е.А.Оспанов үшін 528 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны – 475.
Шортанды ауданында
А.Қ.Балташеваға 1157 дауыс берілсе, С.С.Шабаров үшін 12827 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны – 104.
Сайлау қорытындысы бойынша 5 ауданның әкімі болып келесілер сайланды:
Ақкөл ауданы бойынша – Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов, 1983 жылы туған, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары, Ақкөл қаласы Ақкөл ауданы;
Астрахан ауданы бойынша – Талғат Аманбайұлы Ерсейітов, 1974 жылы туған, Бұланды ауданының әкімі, Бұланды ауданы, Макинск қаласы.
Есіл ауданы бойынша – Серік Мырзасейітұлы Балжанов, 1980 жылы туған, «Бейсен-1» ЖШС директорының орынбасары, Есіл ауданы, Есіл қаласы.
Жақсы ауданы бойынша – Алмагүл Аманжолқызы Қадралина, 1978 жылы туған, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Жақсы ауданының әкімі.
Шортанды ауданы бойынша – Сағындық Серікбайұлы Шабаров, 1982 жылы туған, Шортанды ауданының әкімі, Шортанды ауданы, Шортанды ауылы.
gov.kz