Қызылшаға қарсы жаппай иммундау басталады

Өңірде қызылша ауруының таралуы бойынша жағдай күрделене түсуде. Вирустық дертті жұқтырғандар саны алдыңғы апталармен салыстырғанда 1,3 есеге дейін көбейген. Осыған орай, облыста қызылшаға қарсы жаппай иммундау үдерісі басталады.

Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омархановтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері өңірде қызылша жұқтыруы ықтимал деген болжаммен 75 оқиға тіркеліп, оның 55-і зертханалық расталған. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың 69пайызы індетке қарсы екпе алмағандар, олардың 5-еуі ересектер болса, 36-сы жеткіншектер жасына дейінгі балалар. Індет ағымдағы жылғы  қазан айында көбірек таралған, яғни, бұл мезгілде 44 жағдай тіркеліпті. Оның ішінде Астрахан мен Бұланды аудандарында бір ошақтан 6-6 адамнан індеттің жұқтырғаны анықталған,олардың әрқайсысында да 4 баланың жұқтырғаны белгілі болды. Санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде Астрахан ауданындағы ошақта жиі көші-қон салдарынан балалар уақытында екпе ала алмаған екен, ал кейінгісінде діни наным-сенім түсініктеріне байланысты ата-аналары екпеден бас тартқан.

– Бүгінде облыста 8 науқас ауруханаларда жұқпалы аурулар бөлімдерінде ем қабылдауда. Олардың 7-еуінің жағдайы қанағаттарлық. Біреуінің ауруы жұқпаның ауыр түріне өтіп кеткен. Бүгінде індеті зертханалық расталған науқастармен қарым-қатынаста болған 995 адам анықталды, олардың 33-іне санитарлық-эпидемиологиялық дәрігерлердің шешімі бойынша 3 күн ішінде екпе егілуі қажет еді, алайда, 21-і ғана екпе салдырды. Қалғандары бас тартты немесе денсаулық жағдайына байланысты медициналық тұрғыдан алуларына рұқсат етілмеді. Елдегі қызылша дертінің таралу жағдайыныңкүрделене түсуіне байланысты шыққанмемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап жаппай иммундау шаралары басталады. Бұл қаулыға сәйкес 6 айдан 10 айға дейінгі және 2-ден 4-жасқа дейінгі балалар бұрын қызылшаға қарсы екпе алған-алмағанына қарамастан, қайта вакцинацияланады, – деді облыстың бас санитарлық мемлекеттік дәрігерінің орынбасары Серік Омарханов.

Жаппай иммундау шаралары кезінде облыста 48 125 бала екпе алатын болады. Олардың 4 мыңнан астамы 6 айдан10 айға дейінгі сәбилер. Сонымен бірге, Серік Сексенбайұлының мәлімдеуінше, 2019 жылы қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау әрекеттері жүргізіліпті, бұл өңірдегі аурудың таралуын шектеген. Сол жылдары өңірде қызылша жұқпасы бойынша бір де бір факті анықталмапты. Сондықтан, санитарлық-эпидемиологиялық дәрігер халықты өздерінің денсаулықтарын ойлайтын болса, өздері және өздерінің жақын адамдарын екпе алуғабаруларына шақырды.

Қызылша туралы мағлұмат бере кетсек, көбінесе балалар ауырады. Дене қызуы 38-40°C дейін көтеріліп, мұрын, көз, тамақ қабынады, теріде қызыл бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады. Қызылша – бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және оған қарсы екпе алмаған адам ауырып жүрген адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар