Ақмола облысының Ақкөл ауданында жаңа әкім таныстырылды

5 қарашада елімізде алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы болды.

Ақмола облысында сайлау Ақкөл, Шортанды, Астрахан, Есіл және Жақсы аудандарында өтті.

Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, Ақкөл ауданында сайлаушылардың келуі 73%-ды құрады. Көпшілік дауыс Біржан Әбдірахмановқа берілді.

Бүгін жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аудан әкімін активке таныстырды.

Өңір басшысы Ақкөл үшін басым мәселелерді айтып, халық таңдағандарының алдына ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті.

“Әрбір тұрғынға сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін. Өз тарапымнан ауданымыздың өркендеуі үшін бар күш – жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын”, – деді Біржан Әбдірахманов.

Айта кетейік, Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы еңбек жолын 2005 жылы “Асти-Строй”жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. 2016-2023 жылдары Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйегінен Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар