Ақмола облысының Шортанды ауданында жаңа әкім таныстырылды

5 қарашада Ақмола облысында алғаш рет пилоттық режимде Ақкөл, Шортанды, Астрахан, Есіл және Жақсы аудандарында сайлау өтті.

Аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Шортанды ауданында сайлаушылардың келуі 72% -. құрады. 91% дауыс Сағындық Шабаровқа берілді.

Сайланған әкімді аудан активіне таныстыра отырып, облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан әкімдерінің тікелей сайлауы еліміздің Президенті жүргізіп жатқан демократиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қисынды жалғасы болып табылатынын атап өтті.

Әкімнің алдында инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту сияқты бірқатар міндеттер тұр.

Айта кетейік, Шабаров Сағындық Серікбайұлы, 1982 жылы туған, Ақмола облысы Біржан сал ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2022 жылы Степногорск қалалық қазынашылық бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2006 – 2016 жылдары Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдарында жауапты лауазымдарда жұмыс істеді.

2016-2022 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің және Степногорск қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Шортанды ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар