Психологтар білімдерін жетілдірді

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар-ресурстық орталығы «Жастарды дамытудың заманауи әдістерін басқарудағы психология»атты тақырыбында оқыту-семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты жастарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, жастарды дамытудың заманауи әдістерін басқарудағы психология жайында қатысушыларға кеңінен тарқатып түсіндіру және диагностика саласындағы психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Аталған семинарға өңірлік жастар-ресурстық орталықтарының психологтары мен әдіскерлері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 20-ға жуық адамды құрады. Астана қаласынан «Астана ЛК» ЖШС бас директорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Ләззат Жұманқұлова және аталмыш ұйымның менеджері Ләйлім Балғабаева дәріс оқуға арнайы шақырылды.

–Бүгін Ақмола облысының жастар ресурстық орталықтарының психологтарына, әдіскерлерінеарнап оқыту семинарын және тренингін өткіздік. Жоспарға сәйкес мұндай іс-шара жылына екі рет өткізіледі. Мұндай семинарлар жастардың әлеуметтік және психологиялық дамуына көмектеседі, – деп атап өтті өз сөзінде NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру бөлімінің басшысы Мақпал Жанарысова.

Оқыту семинары нәтижелі және пайдалы өтті. Тренерлердің бағдарламаны ұсынуы қолжетімді және түсінікті болды, семинардың практикалық бөлігінде кеңес беру мен өте қарапайым, бірақ, сонымен бірге тиімді әдістер қолданылды. Қатысушылар психологтарға арналған осындай семинарларды одан әрі де жиі өткізу жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.

–Бүгінгі таңда жастардың белгілі бір заманауи сынақтарға тап болғанын ескере отырып, біз психологияның жастар саясатының дамуымен байланысын айтуға келдік. Жастар нарықтық қатынастарды қалай жүргізуі керек, қандай жағымды идеялар болуы керек. Осы жобаны жүзеге асыра отырып, біз жастардың мәртебесін көтеруге, қазіргі әлемде қалай өмір сүруге болатындығы туралы түсінік беруге тырысамыз. Демек, бұл біздің еліміз үшін жақсы бастама, – деді өз сөзінде семинар тренері Ләззат Жұманқұлова.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға осы оқыту семинарынан өткендігін растайтын сертификаттар табыс етілді.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы
жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар