Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтаймын!
Биыл Қазақстан Республикасында өзінің ұлттық валютасының айналысқа енгеніне тура 30 жыл толып отыр. Мемлекеттілігіміздің күрделі жағдайында теңгені енгізу батыл да шешуші қадам болып тарихта қалды. Ол елімізде ұлттық қаржы жүйесінің құрылуына және экономикалық жағдайдың тұрақтандырылуына көп септігін тигізді. Төл теңгеміз тәуелсіз Қазақстан Республикасының, біздің егемендігіміздің, экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басудың шынайы бет-бейнесіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валютамыздың тұрақтылығы елдің экономикалық қауіпсіздігінің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. «Теңге біздің Тәуелсіздігіміздің символына айналды. Еліміздің қаржы жүйесінің алдында азаматтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға ықпал ету міндеті тұр» деді ол.
15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күні еліміздің қаржы саласының қызметкерлері өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. Аймағымызда көп жағдайда экономикалық өсім, азаматтардың әлеуметтік мәселелері солардың арқасында өз шешімін табуда.
Құрметті қаржы органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздердің адал еңбектеріңіз алдағы уақытта да өндіріс көлемінің артуына, іскерлі өміріміздің жандануына, ақмолалықтардың әл-ауқатының жақсаруына неғұрлым мол ықпал етуіне тілектеспін.
Сіздерге зор денсаулық, жақсылық, сарқылмас күш-жігер тілеймін. Сіздердің іскерлік қабілеттеріңіз біздің өңіріміздің игілігі үшін жаңа жетістіктерге ұлассын!
***
Қымбатты Ақмола облысының тұрғындары!
Облыс депутаттық корпусының атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – Теңгенің 30 жылдығымен құттықтаймын!
1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Ал, 15 қарашада теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн Ұлттық валютаның ресми күні және елдің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.
Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуына, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына қуатты серпін берді. Теңгенің қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтудың маңызды бөлігіне айналды.
30 жыл ішінде елімізде жаһандық нарыққа интеграцияланған заманауи экономика құрылды, Қазақстан халықаралық қоғамдастықта сенімді серіктес болды, бұл республикаға елеулі түрде шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. Қазақстандықтардың әлеуметтік өмір стандарттары бірнеше есе өсті.
Бұл жетістіктерде Ақмола облысының қаржы органдары қызметкерлерінің де зор еңбегі бар, олардың арасында тәжірибелі, өз ісіне берілген жоғары білікті мамандар көп.
Осы айтулы күні мен осы салада еңбек еткендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Бюджет кірістерін тұрақты толықтыру, өзекті әлеуметтік мәселелерді сәтті шешу, ел экономикасының үдемелі дамуы сіздердің жұмыстарыңыздың сапасына байланысты. Сіздер өздеріңіздің тиімді қызметтеріңізбен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Жаңа, Әділетті Қазақстанның табысты құрылуына лайықты үлес қосуды жалғастыра беретіндеріңізге нық сенімдімін!
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, амандық, бақыт, ертеңгі күнге деген сенімділік, алдымызда тұрған ортақ міндеттерді шешу үшін сарқылмас қуат тілеймін! Теңге әрқашан тұрақты болсын және экономикамыз нығая берсін, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін баршамызбірге бар күш-жігеріміз бен білімімізді салайық!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.