Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды буындардың жұмысы тыңдалды - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды буындардың жұмысы тыңдалды

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Депутаттар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың Ақмола облысында жылыту маусымының өту барысы туралы ақпаратын тыңдады. Оның айтуынша, жылыту маусымына дайындық үшін биыл 29,4 миллиард теңге бөлінген. Оның 12,7 миллиард теңге – облыстық бюджеттен, 4,6 миллиард теңге – Үкімет резервінен, ал, 3,8 миллиард теңге – республикалық қазынадан бөлінген көрінеді.

Жылу желілерінің 25,9 шақырымы ағымдағы жөндеу, 16,7 шақырымына күрделі жөндеу және 3,3 шақырымына қайта жаңарту жүргізілді. Орталық жылумен жабдықтауға 28 көпқабатты үй, әлеуметтік саланың үш объектісі қосылған. Жалпы, Д.Қуанышбаев атап өткеніндей, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.

Отырыста облыстық дін істері басқармасының басшысы Алмаз Мұқажанов «Қолданыстағы заңнама шеңберінде Ақмола облысында рухани келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту» тақырыбында баяндама  жасады. Онда қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және осы іске тартылған қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жүргізілетін діни қатынастар саласындағы кешенді ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстары туралы айтты. Ведомство өңірдегі діни ахуалға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізеді.

Бұдан басқа, облыстық мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес тұрақты комиссия мүшелері алдын ала «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы», «Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы», «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімдердің жобаларын қарады. Уәкілетті органдар осы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Депутаттар баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойып, пікір алмасты. Тұрақты комиссияның төрағасы Павел Безвербный атап өткеніндей, талқыланған мәселелер облыс тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, ол басқарма басшыларынан халық қалаулыларының барлық сауалдары мен ұсыныстарына жауапкершілікпен қарауды сұрады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар