Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!
Қадірлі еңбек ардагерлері!
Сіздерді шын жүректен Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Бұл күні біз осы салалардың біздің облысымыздың экономикасындағы стратегиялық рөлін тағы да бір баса атап көрсетеміз. Өйткені, жер бетіндегі күн сайынғы қажырлы жұмыс қана біздің аймақтың және тұтастай алғанда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепілі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту басым бағыттардың біріне айналып отыр. Экономикалық дамудың жаңа бағдарламасын іске асыруда аграрлық секторға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі таңда экономиканың өңдеуші секторын дамытуға да ерекше назар аударылуда. Оның басты мақсаты – еліміздің тұрғындарын сапалы өнімдермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге, халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қымбатты жерлестер!
Егіс алқаптары мен мал фермаларындағы, өндірістік цехтардағы ауыр жұмыс барлық марапаттар мен ерекше құрметтің қай-қайсысына болсын лайықты. Сіздерге осы тұрғыдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін терең алғыс сезімімді білдіремін.
Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен өз кәсіптеріңізге берілгендіктеріңіз, туған жерге сүйіспеншіліктеріңіз барлық қиыншылықтарды жеңіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге көмектесе береріне сенімдімін.
Бүгінгідей мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, сергектік, көздеген жоспарларыңыздың іске асырылуын және жылда алатын өнімдеріңіздің мол болуын тілеймін.